ӨЗІНЕ СЕНГЕНДЕРГЕ ЖӘНЕ ТАБЫСҚА АРНАЛҒАНДАРҒА

Орталық Азия елдері университеттері ректорларының форумы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Орталық Азия елдері университеттері ректорларының І халықаралық форумы өтті. Форум жұмысына ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, «Тұран» университетінің ректоры Рахман Алшанов және Орталық Азия елдерінің білім, ғылым саласы министрлері мен ЖОО ректорлары қатысты.

 

Іс-шараның мақсаты – ОА жоғары оқу орындары арасында білім беру қызметтерінің нарығын кеңейту, бірлескен зерттеулер жүргізу және білім беру процесіне жаңа технологияларды енгізу.

 

Форум аясында «Тұран» университеті ОА жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты нығайту мақсатында 11 келісімге қол қойды және ең көп меморандумдар жасаған Қазақстан университеті ретінде атап өтілді. Ынтымақтастықтың негізгі міндеттері халықаралық жобаларға бірлесіп қатысу, студенттер мен оқытушылар арасында ұтқырлықты дамыту, сондай-ақ ғылыми сарапшылық кеңістікті кеңейту болып табылады.

Соңғы жазбалар
Қабылдау комиссиясы
Выбор языка: