ӨЗІНЕ СЕНГЕНДЕРГЕ ЖӘНЕ ТАБЫСҚА АРНАЛҒАНДАРҒА

«Тұран» университеті мен Румели университетінің ректорларының кездесуі

2022 жылдың 13 маусымында Стамбул қаласында «Тұран» университетінің ректоры Алшанов Рахман Алшанұлы мен Румели университетінің ректоры Тамер Додурктың кездесуі өтті. Кездесуге «Тұран» университетінің сыртқы байланыстар және докторантура жөніндегі проректоры Таяуова Гүлжанат Жұбатқанқызы, Түркі халықтары кеңесінің төрағасы Махмут Орал және Румели университетінің өкілдері қатысты. Кездесу барысында екі университет арасындағы ғылыми және білім саласындағы ынтымақтастықты дамыту жоспарлары талқыланды.

 

Румели университеті «Тұран» университетінің стратегиялық серіктесі болып табылады. 2022 жылдың сәуір айында «Тұран» университетінің 6 докторанты, «Психология» білім беру бағдарламасының студенттері осы университетте өндірістік тәжірибеден өтті.

Соңғы жазбалар
Қабылдау комиссиясы
Выбор языка: