ӨЗІНЕ СЕНГЕНДЕРГЕ ЖӘНЕ ТАБЫСҚА АРНАЛҒАНДАРҒА

ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді «Тұран» университетінің ректоры Р.Алшановты Құрмет грамотасымен марапаттады

25 қазан Республика күніне орай Қазақстан Республикасы Премьер Министрінің орынбасары, Сыртқы Істер Министрі Мұхтар Тілеуберді мырзаның атынан ҚР сыртқы саяси бағытын жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін және ҚР дипломатиялық қызметінің 30 жылдығына орай «Тұран» университетінің Ректоры Р.А.Алшанов және «Аймақтану және халықаралық қатынастар» кафедрасының меңгерушісі Ж.М.Төлен Құрмет грамотасымен марапатталды. Құрмет грамотасын ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров тапсырды.

 

Ұжым атынан университет ректоры Рахман Алшанұлын және кафедра меңгерушісі Жеңісбек Мұратбекұлын шын жүректен құттықтаймыз!

Соңғы жазбалар
Қабылдау комиссиясы
Выбор языка: