«Тұран» университетінде оқушылар арасында жылдам шахматтан чемпионат өтті

10-11 желтоқсан аралығында «Тұран» университетінде оқушылар арасында жылдам шахматтан Алматы облысы мен Алматы қаласының ашық чемпионаты өтті. 8 жастан 18 жасқа дейінгі санаттағы ашық біріншілікке 168 шахматшы қатысты.

 

«Тұран» университеті 16-18 жас санатындағы турнирдің алғашқы үш жүлдегеріне оқу гранттарын бөлді.

 

Грант иегерлері атанғандар:

 

  • 1 орын – Турсынали Бекарыс
  • 2 орын – Исумбаев Ерназар
  • 3 орын – Байтлеу Сырым

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және оларға жеңістер мен жетістіктер тілейміз!

Қабылдау комиссиясы