«Тұран» университетінің командалары Спартакиадаға қатысты

2022 жылдың 3-17 желтоқсаны аралығында «Тұран» университетінің құрама командалары Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мини-футбол, волейбол және баскетбол бойынша спартакиада-турниріне қатысты.

 

Турнирді Алматы қаласының әкімдігі мен спорт басқармасы өткізді.

 

«Тұран» университетінің студенттік құрама командалары баскетболдан алтын медальдың, футболдан ерлер мен әйелдер құрамасы күміс медальдың иегері атанып, футболдан екінші ерлер құрама қомандасы мен волейболдан әйелдер командасы қола медальдың иегері атанды. Біздің барлық командаларымыз бен ойыншыларымыз медальдармен, кубоктармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды!

 

Студенттерімізді және футбол, баскетбол және волейбол құрама командаларын осы табыспен құттықтаймыз! Еліміздің спорт алаңдарындағы университетіміздің имиджін арттыра отырып, қол жеткізген жетістіктермен тоқтап қалмай, жаңа жеңістерге жетуді тілейміз.

 

Алда ҚР Ұлттық студенттер лигасы мен ҚР Жазғы Универсиадасы бар: студенттерге сәттілік, табыс және жаңа жеңістер тілейміз!

Қабылдау комиссиясы