Қаржы Қауіпсіздігі бойынша Бірінші Республикалық Олимпиаданың жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі

2023 жылдың 29 сәуірінде “Тұран” университетінде Қаржы қауіпсіздігі бойынша бірінші Республикалық олимпиаданың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

 

Іс-шара Қазақстан Республикасының Білім Министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Қаржы мониторингі агенттігімен және “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесіп ұйымдастырылды.

 

Олимпиада қаржылық, экономикалық және ақпараттық қауіпсіздік негіздерін меңгерген қаржылық сауатты жастардың жаңа буынын қалыптастыруға ықпал етуге арналған.

 

Алдағы уақытта Олимпиада республикалық олимпиадалар тізбесіне енгізіле отырып, еліміздің барлық өңірлерінде тұрақты негізде өткізілетін болады.

 

Барлық жеңімпаздар мен қатысушыларды құттықтаймыз!

Қаржы Қауіпсіздігі бойынша Бірінші Республикалық Олимпиаданың жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі
Қабылдау комиссиясы