Алматы жастары білімдері мен біліктіліктерінің арқасында Түркияға жолдама ұтып алу мүмкіндігіне ие болды

2023 жылдың 23 қарашасында Тұран университетінде «Болашақ жобасы» атты ауқымды қалалық кейс чемпионаты аяқталды.

Кейс чемпионатына қатысуға ниет білдірген әрбір адам бірнеше іріктеу кезеңінен өтті, соның ішінде: мотивациялық эссе, екі SHL тесті, ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтауға арналған тест және телефон арқылы сұхбат.

Алматының дарынды жастары халықаралық Efes Kazakhstan компаниясының бизнес ісін шешті. Барлық финалистер чемпионаттың бас жүлдесін сарапқа салу үшін университетте алған білімдерін іс жүзінде көрсетуге мүмкіндік алды.

Сондай-ақ, қатысушылар тағылымдама және бос жұмыс орындары тақырыбы бойынша әрі қарай байланысу үшін компанияның кадрлық резервіне енгізілді.

Жеңімпаздар:

1 орынды «Team Two» командасы иеленді:

  • Айдана Жұмабекова, Алматы Менеджмент Университетінің «Мейрамхана және қонақ үй бизнесі» және «Маркетинг» мамандығының түлегі
  • Бекжон Махмудов, «Қазақ-Неміс университетінің» студенті, «Жаңартылатын энергия көздерін стратегиялық басқару және энергия тиімділігі» мамандығы
  • Клара Тусупова, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті, «Қаржы» мамандығы

«Team Six» командасы 2 орынды иеленді, құрамында:

  • Саид Азизов, Де Монфорт университетінің студенті, «Қаржы және инвестициялар» мамандығы
  • Жәмиля Нүсіп, «Қазақстан-Британ техникалық университетінің» «Қаржы» мамандығының студенті

3 орынды «Team Eight» командасы иеленді:

  • Камила Жансүгірова, «Тұран» университетінің «Қаржы» мамандығының студенті
  • Элиза Джунусова, Қазақ-Герман университетінің студенті, «Жаңартылатын энергия көздерін стратегиялық басқару және энергия тиімділігі» мамандығы
  • Аружан Мереева, ҚазҰУ студенті, «Деректер журналистикасы» мамандығы

Жеңімпаздар бағалы сыйлықтарға ие болды:

  • 1 орын – Anadolu холдингінің бас директорымен кездесуге Түркия, Стамбул қаласына сапар, холдинг өнімінің өндірісіне экскурсия.
  • 2 орын – команданың әр мүшесі 100 000 теңге
  • 3 орын – команданың әр мүшесі 50 000 теңге

«Тұран» университеті мен «Тұран-Зерде» түлектері қауымдастығы жеңімпаздарды лайықты марапаттарымен, сондай-ақ кейс чемпионатына қатысқан барлық жастарды белсенділіктері мен мансаптық дағдыларды дамытуға ұмтылысы үшін құттықтайды.

«Тұран» білім беру корпорациясы Efes Kazakhstan компаниясына қаламыз үшін маңызды жобалардағы тұрақты ынтымақтастық үшін алғысын білдіреді.

Қабылдау комиссиясы