Аймақтану

Бакалавриат

«Аймақтану» білім беру бағдарламасының мақсаты – әлем аймақтарын жүйелі түрде талдай алатын, олардың ерекшеліктерін, өзара байланыстарын және жаһандық саясаттағы рөлін көрсете алатын мамандарды даярлау. Бағдарлама студенттердің аймақтық процестерді талдау және осы білімді кәсіби қызметінде қолдану бойынша білімдері мен дағдыларын дамытуға арналған.

 

Түлектер халықаралық процестер бойынша аналитикалық зерттеулер, сыртқы саясат бойынша негізделген ұсыныстар жасай алады және сараптамалық кеңес беру іс-шараларына қатыса алады.

 

Олар шет елдердің сыртқы саясатының негізгі бағыттарын, дипломатиясының ерекшеліктерін және Қазақстанмен қарым-қатынастарын түсіндіре алады.

 

Түлектер халықаралық қатынастар жүйесінің қазіргі динамикасы мен даму перспективаларын бағдарлай алады; дипломатиялық этикет пен хаттама негіздерін іс жүзінде қолдана алады; және мәдениетаралық коммуникацияда кәсіби шет тілдерін қолдана алады.

 

Академиялық дәрежесі: әлеуметтік ғылымдар бакалавры

 

Білім беру бағдарламасының шифрі: 6B03102

 

ҰБТ-дағы таңдау пәні: дүниежүзі тарихы және шетел тілі

 

Оқу формасы: күндізгі, қысқартылған күндізгі

 

Оқу мерзімі:

 

Орта білім негізінде:

  • 4 жыл, 3 жыл (жеке оқу жоспарына байланысты)

 

Техникалық және кәсіптік, жоғары білімнен кейінгі білім негізінде:

  • 3 жыл, 2 жыл (колледж дипломындағы тиісті білім беру бағдарламасының/мамандығының сәйкестігіне байланысты)

 

Жоғары білім негізінде:

  • 3 жыл, 2 жыл (алдыңғы білім беру дипломындағы тиісті білім беру бағдарламасының/мамандығының сәйкестігіне байланысты)

 

Оқу тілі: қазақ, орыс.

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

«Аймақтану» білім беру бағдарламасының негізгі ерекшеліктері:

 

  • Аймақтық саясатқа қатысатын мемлекеттік органдардың – Қазақстан Республикасы СІМ-нің, Қазақстанның мемлекеттік органдарының, сондай-ақ аймақтық саясат пен экономика саласында жұмыс істейтін ұйымдардың кәсіби қызметінің ерекшеліктері туралы білімді дамыту.
  • Екі шет тілін (негізгі тіл ретінде ағылшын тілі, таңдау пәні ретінде қытай/түрік тілі) оқу барысында студенттер шет тілдерін бірінші курстан бастап оқиды.
  • Әлемдік саясаттың макро және микро деңгейлеріндегі саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерін ескере отырып, аймақтарды күрделі жүйелер ретінде кешенді зерттеу.
  • Аймақтық саясатты талдау және түсіндіру, аймақтық дамуға ішкі және сыртқы факторлардың әсерін бағалау дағдыларын дамыту.
  • Қоғамды, мемлекетті және жеке тұлғаларды қорғау шараларының жиынтығы ретінде аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мақсаттары мен талаптарын, соның ішінде қауіптер мен тәуекелдердің алдын алуды түсіну.

 

Тұран университетінде аймақтық саясаттың қазіргі дамуын зерттеу және талқылау үшін әртүрлі іс-шаралар өткізілетін Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық орталығы жұмыс істейді.

 

«Аймақтану» бағдарламасы бойынша оқитын студенттерге арналған дәрістер мен семинар сабақтарын БҰҰ-ның Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі В. Самек және Алматыдағы ҚР СШМ-нің өкілдігінің Саяси ынтымақтастық департаментінің басшысы А. Аренова өткізеді. Сондай-ақ, Қазақстандағы БҰҰ кеңсесінде бөлек тренингтер өткізіледі.

 

«Аймақтану» бағдарламасының студенттері жыл сайын теориялық білімдерін бекітуге және кәсіби жұмыс үшін қажетті практикалық дағдыларды дамытуға бағытталған халықаралық TURAN MUN конференциясына қатысады.

 

Аймақтану бағдарламасының студенттері жыл сайын Польша, Оңтүстік Корея және Түркияның жетекші университеттеріндегі академиялық мобильділік бағдарламаларына қатысады.

 

2020 жылдан бастап Халықаралық қатынастар және дипломатия жоғары мектебінде белсенді зерттеулер жүргізетін Аймақтану орталығы жұмыс істейді. Орталықты тарих ғылымдарының докторы, профессор және Орталық Еуразия зерттеулері қоғамының (АҚШ) президенті Камалов Аблет Каюмович басқарады.

МАНСАПТЫҚ БОЛАШАҚ
  • Референт
  • Дипломат
  • Аймақтық саясат және қауіпсіздік жөніндегі маман
  • Халықаралық және аймақтық қатынастар жөніндегі маман
  • Сыртқы саясат жөніндегі бақылаушы
  • Сарапшы-талдаушы
  • Әлемдік және аймақтық саясат жөніндегі талдаушы
  • Хаттама және іс-шараларды жоспарлау жөніндегі маман
  • Аудармашы
  • Аға оқытушы
Ағымдағы және эксклюзивті курстар
  • Аймақтық қатынастарды саяси талдау және болжау
  • Халықаралық қатынастар жүйесіндегі қазіргі заманғы аймақтық мәселелер
  • Қазіргі заманғы халықаралық қатынастардағы діни экстремизм мәселелері
  • Орталық Азиядағы аймақтық қауіпсіздік
  • Әлем аймақтарының экономикалық саясаты
  • Халықаралық қатынастар жүйесіндегі түркі мемлекеттері
Біздің серіктестер

Сыртқы серіктестер:

  • Арель университеті (Түркия)
  • Кастамону университеті (Түркия)
  • Ankara Center for Crisis and Policy Studies (ANKASAM)
  • Istanbul University (Стамбул)
  • Ресей президентінің халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясы (РАНХиГС)
  • Волгоград мемлекеттік университеті
  • Н.И. Лобачевский атындағы Нижний Новгород мемлекеттік университеті
  • Варна еркін университеті (Польша)

 

Ішкі серіктестер:

  • Қазақстандағы БҰҰ кеңсесі
  • Қазақстан Республикасы СІМ Алматыдағы өкілдігі
  • Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ)
  • Қазақстан Республикасы Қызыл Жарты Ай Қоғамы
  • Орталық Азияның Аймақтық Экологиялық Орталығы (CAREC)
  • ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті жанындағы Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану Институты
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің Философия, саясаттану және дінтану институты
  • Еуразия ғылыми-зерттеу институты
  • Қазақстандық гуманитарлық және саяси конъюнктура орталығы
  • «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлері қауымдастығы
Online қабылдау