ӨЗІНЕ СЕНГЕНДЕРГЕ ЖӘНЕ ТАБЫСҚА АРНАЛҒАНДАРҒА

Алматы қаласы, Сатпаев көшесі, 16а
Қабылдау комиссиясы +7 727 260 40 00

Аймақтану

 

Шифр: 6В03102 

 

Мамандықтың студенттері аналитикалық жұмыстар жасауға, келіссөздер жүргізуге, халықаралық бағдарламаларды үйлестіруге және халықаралық жобаларды басқаруға, шет елдерде делегацияларды алып жүруге, консалтингке тағы басқа   сыртқы қатынастар саласындағы қызмет түрлеріне дайындалады.

 

Академиялық дәрежесі:  әлеуметтік ғылымдар бакалавры

 

ҰБТ дағы таңдау бойынша пән: шетел тілі

 

Оқыту нысаны: күндізгі, күндізгі қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып

 

Оқу мерзімі: 

 

  • орта білімнен кейін 4 жыл
  • орта кәсіби білімнен кейін 3 жыл
  • жоғары білімнен кейін 2 жыл

 

БАҒДАРЛАМАНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

  • «Аймақтану» бағдарламасының ерекшелігі қазіргі қоғамдағы әртүрлі аймақтардың тарихын, экономикасын және мәдениетін кешенді түрде зерттеуге бағытталған. Студеттердің осы мамандықтағы алған білімдері мен жинақтаған тәжірибелері оларды еңбек нарығында бәсекеге қабілетті етеді  – мамандықтың келешегі де осында.
  • ҚР ЖОО білім беру бағдарламалары бойынша мамандарды дайындаудың бағыттары мен деңгейлерінің сәйкестігі туралы ББСҚТҚА жүргізген рейтинг нәтижесі бойынша, 2015 жылы «Аймақтану» білім беру бағдарламасы (бакалавриат) 3 орынды иеленді. 3 семестрден бастап студенттің таңдауына байланысты қытай немесе түрік тілдерін оқу басталады.

 

ӨЗЕКТІ ЖӘНЕ ЭКСКЛЮЗИВТІ КУРСТАР

 

  • Аймақтануға кіріспе
  • Әлем аймақтарының геосаяси тұжырымдамалары
  • Орталық Азиядағы XX ғасырдағы «Үлкен ойын»
  • Аймақтық қатынастар жүйесіндегі Қазақстан
  • Аймақтық мамандану елдерінің саяси жүйесі
  • Қазіргі геосаяси процестердегі мамандану елдері
  • Аймақтық қатынастар жүйесіндегі Орталық Азия
  • Мамандану елінің тарихы
  • Әлемдік державалардың Орталық Азияға ықпалы
  • Жаһанданудың континенталдық және мемлекеттік ерекшкліктері
  • Еуразиядағы саяси процестер
  • Еуразияшылдық теориясы
  • Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты

 

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

 

  • «Арель» университеті  (Түркия),
  • ҚР БҒМ ғылым жөніндегі Комитетінің Р. Сүлейменов атындағы шығыстану институты
  • «Болашақ жастардың қолында» Қоғамдық Қоры,
  • ЖШС «Ғылыми ақпарат және саяси талдау орталығы».

 

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕРІКТЕСТІК

 

Университеттермен (мамандықтар бойынша) логотиптермен халықаралық серіктестік.  Студенттердің халықаралық бағдарламаларға қатысуы (алмасу бағдарламалары). Екідипломдық бағдарламалар. Қауымдастықтардағы мүшелік.  Академиялық мобилділік.

 

  • Арель университеті (Түркия)
  • Кастамону университеті (Түркия)
  • Циттау университеті/Герлитц
  • Шығыс-Жерорта теңізі университеті (Никосия, Солтүстік Кипр)

 

Біздің студенттер серіктестеріміздің жазғы мектептерінде тағылымдамадан өтіп тұрады. Сонымен қатар, AISEC еріктілер жобасына, Түрік үкіметінің Mevlana жобасына қатысады.

 

Мамандық студенттері өздерінің кәсіби бейімдіктерін  конференция мен рөлдік ойындардың өзіндік синтезі болып табылатын  MUN (БҰҰ Үлгісі) арқылы дамытады.

 

МАНСАПТЫҢ КЕЛЕШЕГІ (МАМАНДЫҚТАР)

 

  • Референт
  • Аймақтық саясат пен экономика саласындағы кеңесші
  • Сыртқысаяси шолушы
  • Қытай тілінен орыс тіліне аудармашы
  • Ағылшын тілінен орыс тіліне аудармашы
  • Аудармашы-референт
Қабылдау комиссиясы
Выбор языка: