Маркетинг

Бакалавриат
Магистратура
Докторантура

Білім беру бағдарламасының сипаттамасы:

 

Академиялық дәреже: экономика және бизнес бакалавры

 

Мамандық коды: 6В04107

 

Оқу ұзақтығы:

  • орта білімнен кейін 4 жыл (күндізгі)
  • арнаулы орта білімнен кейін 3 жыл (күндізгі)
  • жоғары білімнен кейін 2 жыл

 

Маркетинг мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры келесі салаларда талдау, ғылыми-зерттеу, ұйымдастырушылық-басқарушылық (әкімшілік) және білім беру (педагогикалық) қызметті жүзеге асыра алады: салалық және аймақтық нарықтарды зерттеу, әртүрлі меншік түріндегі шаруашылық субъектілердің маркетингтік ортасын зерттеу;  кәсіпорынның маркетинг жүйесін жетілдіру; кәсіпорынның маркетингтік стратегиясын қалыптастыру. Маркетингті қолдану аясы өте кең. Түлектердің кәсіби қызмет объектілері болып табылады: мемлекеттік мекемелер,  қызмет көрсету кәсіпорындары, әртүрлі экономикалық, өндірістік және делдал кәсіпорын ұйымдары,  халықаралық сауда палаталары, сауда үйлері, көлік және коммуникация,  жобалық және ғылыми-зерттеу институттары,  қоғамдық ұйымдар, ғылыми-зерттеу, білім беру мекемелері.

 

 

Міндетті және элективті (таңдау бойынша) пәннің/ескертпе:

 

  • Экономикалық теория
  • Микроэкономика
  • Макроэкономика
  • Маркетинг
  • Бухесеп және аудит
  • Қаржы
  • Менеджмент
  • Математика
  • Маркетингтік зерттеулер
  • Маркетингті басқару

 

Білім беру бағдарламалары

 

Кәсіби қызмет саласы  және объектілері

 

МАРКЕТИНГ мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры келесі салаларда талдау, ғылыми-зерттеу, ұйымдастырушылық-басқарушылық (әкімшілік) және білім беру (педагогикалық) қызметті жүзеге асыра алады: салалық және аймақтық нарықтарды зерттеу, әртүрлі меншік түріндегі шаруашылық субъектілердің маркетингтік ортасын зерттеу;  кәсіпорынның маркетинг жүйесін жетілдіру; кәсіпорынның маркетингтік стратегиясын қалыптастыру. Маркетингті қолдану аясы өте кең. Түлектердің кәсіби қызмет объектілері болып табылады: мемлекеттік мекемелер,  қызмет көрсету кәсіпорындары, әртүрлі экономикалық, өндірістік және делдал кәсіпорын ұйымдары,  халықаралық сауда палаталары, сауда үйлері, көлік және коммуникация,  жобалық және ғылыми-зерттеу институттары,  қоғамдық ұйымдар, ғылыми-зерттеу, білім беру мекемелері.

 

Кәсіби қызмет түрлері

 

МАРКЕТИНГ мамандығы бойынша бакалавр кәсіби қызметтің келесі түрлерін орындай алады:

  • ұйымдық-басқару қызметі кез келген шаруашылық субъектісінің маркетинг қызметін басқаруда маркетинг-менеджменттің ғылыми-әдітемелік және ұйымдық-технологиялық базасын, қағидалары мен технологияларын қолдану негізінде тиімді жүйе жасауды қарастырады;
  • өндірістік-технологиялық қызмет бакалаврдың адами ресурстарды басқару,   қамсыздандыру, өндіріс және қаржы бөлімдерінің мамандарымен бірге материалдық-техникалық қамсыздандыруды, өндірістік, инновациялық және өткізу қызметін тиімді жүргізу үшін және нарықтағы бәсекелес басымшылықты қамтамасыз ету үшін іске асырылады;
  • қызмет көрсету- пайдалану қызметі бакалаврдың маркетинг бойынша шаруашылық субъектісінің қызмет көрсету саясатын жүргізуді  негізгі және қосымша қызмет бойынша қарастырады; қатынас шығындарының және қызмет көрсету тиімділігінің есебі; қызметті жылжыту, қызмет сапасын қамтамасыз ету;
  • есептік-жобалық қызмет маркетинг бөлімінің ұйымдық құрылымын таңдаудан, маркетинг бюджетін және бизнес-жоспарды жасаудан, тауар ассортиментін тиімділендіру бойынша есептерді жүргізуден, тарату, тауар қозғалысы және жылжыту  жүйесін есептеуден тұрады;
  • тәжірибелік-зерттеу қызметі бакалаврдың ұйымның инновациялық саясатын жасаудан және ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарын және маркетингтік зерттеулер жүргізуден тұрады;
  • білім беру (педагогикалық) қызметі  осы мамандық саласында жалпы білім беру және орта арнаулы білім беру, сонымен қатар кадрлардың біліктілігін жоғарылату және қайта дайындау курстарында  маркетинг пәнінен оқыту қызметімен байланысты.

 

Кәсіби қызмет бағыттары:

 

  • маркетингтік қызметті жоспарлау;
  • маркетингтік зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу;
  • компанияның маркетингтік мүмкіндіктеріне бағалау жүргізу (SWOT-талдау әдісі, GAP-талдау, STEP-талдау);
  • корпоративті стратегияны қалыптастыру;
  • функционалдық стратегияны жасау;
  • тауар және баға саясатын жасау және жетілдіру;
  • нарықта өткізу және тауарды жылжыту жүйесін ұйымдастыру;
  • нарықта тауар және қызметтерді жылжыту үшін маркетингтік коммуникацияны қолдану;
  • нарықта бәсекелестік артықшылықты қамтамасыз ететін маркетингтік стратегияны тарату;
  • маркетинг қызметіне тексеру, аудит және бақылау жүргізу

 

Кафедраның серіктестері мен филиалдары

 

  • Қазақстандық Маркетинг Ассоциациясы
    Қазақстандық маркетинг ассоциациясы “Тұран” университетінің “Маркетинг және логистика”кафедрасының жанынан құрылды. Қауымдастық білім беру процесі үшін де, бизнес үшін де түрлі іс-шараларды белсенді түрде өткізеді.
  • “Pozitiv Media” толық циклді жарнама агенттігі, кафедра филиалы
    Сыртқы жарнама дайындаумен, медиа жоспарлаумен, мақсатты және контекстік жарнамамен, БАҚ-та жарнаманы орналастырумен және жарнаманы дайындау мен тарату саласындағы басқа да қызметпен айналысады
  • “Бахус” АҚ
    “Бахус” – Орта Азиядағы ең көне шарап зауыты. Жетпіс жыл бойы компания шарап, шампан және коньяк жасайды. Осы уақыт ішінде компания технологияны жетілдіріп, бүкіл әлемнен ең жақсы жабдықтарды алып келеді, кәсіпқойлардан үйренеді және әлемдегі ең танымал шарап өндірушілермен тәжірибе алмасады.

 

“Маркетинг” мамандығы бойынша магистратура бағдарламасы маркетинг саласында мамандарды дайындауға бағытталған.

 

Маркетинг бойынша мамандар нарықтық зерттеулерді жүргізуге, әлеуетті клиенттерді іздеуге, олардың қажеттіліктері мен талғамдарын анықтауға, нарықтың мақсатты сегменттерін сегменттеу мен іріктеуге, компания және оның жекелеген өнімдерін позициялауға, тауарлық ассортиментті қалыптастыруға, брендті құруға және “жылжытуға”, бағалар мен жеңілдіктер жүйесін белгілеуге, тұтынушыға жылжыту және коммуникациялық әсер ету құралдарын әзірлеуге, өнімді бөлу және түпкілікті сатып алушыға жеткізу арналарын “құрастыруға” жауап береді.

 

“Маркетинг” ББ магистратура түлектері әртүрлі салаларда білікті қызмет үшін барлық қажетті білім мен практикалық дағдыларға ие, соның ішінде – стратегиялық және жедел маркетингтік жоспарлау, өнім саясаты, баға саясаты, өткізу саясаты (тарату арналары бойынша шешімдер), жылжыту  саясаты (жылжыту бойынша шешімдер).

 

Оқыту процессі  барысында сабақтарды өткізудің заманауи формаларына, іскерлік жағдайларды талдауға, топтық пікірталастарға, бизнес-жобаларды дайындауға, маркетингтік қызметтің түрлі аспектілеріне байланысты ақпараттық технологияларға басымдық беріледі.

 

Академиялық дәрежесі:

 

  • ғылыми және педагогикалық магистратураны бітіргеннен кейін – “Маркетинг” мамандығы бойынша экономика ғылымдарының магистрі;
  • бейіндік магистратураны бітіргеннен кейін – “Маркетинг” мамандығы бойынша экономика және бизнес магистрі.

 

Мамандық коды: 

 

7M04105 – Ғылыми және педагогикалық магистратура

7M04112 – Бейіндік магистратура

 

Оқу түрі: күндізгі

 

Оқу мерзімі:

 

  • 2 жыл-ғылыми және педагогикалық бағыт
  • 1 жыл – бейіндік бағыт

 

Білім беру бағдарламалары

Кәсіби қызмет саласы мен объектілері

«Маркетинг» мамандығы бойынша экономика және бизнес магистрі талдаушылық, ғылыми-зерттеу,  ұйымдастыру-басқару (әкімшілік) және білім беру (педагогикалық) қызметін келесі салаларда жүзеге асыра алады: салалық және аймақтық нарықтарды, әртүрлі меншік нысанындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің маркетингтік ортасын зерттеу; кәсіпорынның маркетинг жүйесін жетілдіру; кәсіпорынның маркетингтік стратегиясын қалыптастыру. Маркетингті қолдану саласы өте кең. Түлектердің кәсіби қызметінің объектілері мемлекеттік мекемелер, қызмет көрсету кәсіпорындары, экономика саласының  түрлі ұйымдары, өндірістік және делдалдық кәсіпорындар, халықаралық сауда палаталары, сауда үйлері, көлік және коммуникациялар, жобалау және ғылыми-зерттеу институттары, қоғамдық ұйымдар, ғылыми-өндірістік, білім беру мекемелері болып табылады.

 

Кәсіби қызмет түрлері

 

«Маркетинг» мамандығы бойынша магистр келесі кәсіби қызмет түрлерін орындай алады:

 

  • ұйымдастыру-басқару қызметі қағидалар мен технологияларды, маркетинг-менеджменттің ғылыми-әдіснамалық және ұйымдастыру-технологиялық базасын қолдану негізінде кез келген шаруашылық жүргізуші субъектінің маркетингтік қызметін басқарудың тиімді жүйесін құруды болжайды;
  • өндірістік-технологиялық қызмет маркетинг бакалаврының адам ресурстарын басқару, жабдықтау, өндіріс және қаржы бөлімдерінің мамандарымен материалдық-техникалық жабдықтауды, өндірістік, инновациялық және өткізу қызметін тиімді жүзеге асыру үшін кәсіпорынның нарықтағы бәсекелестік артықшылықтарын қамтамасыз ету мақсатында бірлескен жұмысы түрінде жүзеге асырылады;
  • маркетинг бойынша бакалаврдың сервистік-пайдалану қызметі негізгі және қосымша қызметтер көрсету, қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету және жылжыту саласында шаруашылық жүргізуші субъектінің сервистік саясатын әзірлеуді; қызмет көрсету шығындарын және қызмет көрсету тиімділігін есептеуді болжайды;
  • есептік-жобалық қызмет маркетинг бөлімінің ұйымдық құрылымын таңдауды, маркетинг бюджетін және бизнес-жоспарды әзірлеуді, тауарлық ассортиментті оңтайландыру бойынша есеп айырысуды жүзеге асыруды,  тарату  жүйесін, тауар қозғалысы мен жылжытуды; маркетингтік іс-шаралардың тиімділігін бағалауды, шаруашылық жүргізуші субъектінің өндірістік-өткізу қызметін жүргізу бойынша экономикалық негізделген шешімдерді әзірлеуді қамтиды;
  • бакалаврлардың эксперименталды-зерттеу қызметі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар мен маркетингтік зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу арқылы инновациялық саясатты әзірлеуді қамтиды;
  • осы мамандық бойынша білім беру (педагогикалық) қызметі жалпы білім беретін және арнаулы орта оқу орындарында маркетинг бойынша пәндерді оқыту қызметтерімен, сондай-ақ кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарымен байланысты.

 

Кәсіби қызметінің функциялары:

 

  • бөлімшелердің қызметін ұйымдастыруды жетілдіру бойынша іс-шараларды әзірлеу, соның ішінде жоспарлау, болжау, шығындарды басқару және материалдық-техникалық жабдықтау, логистика, өткізу;
  • маркетингтік зерттеулерді және нарықты сегменттеуді жүзеге асыру;
  • сервис стратегиясы мен тактикасын, маркетинг бюджетін және кәсіпорынның бизнес-жоспарын әзірлеуге қатысу;
  • кәсіпорынды басқару бойынша қызметті ұйымдастыру, жоспарлау және үйлестіру және фирманың нарықтық стратегиясын қалыптастыру;
  • маркетингтік талдау мен бақылауды жүзеге асыру;
  • жалпы кәсіпорын қызметін басқару және бақылау.

 

Кәсіби қызметінің бағыттары:

 

  • маркетингтік қызметті жоспарлау;
  • маркетингтік зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу;
  • компанияның маркетингтік мүмкіндіктеріне бағалау жүргізу (SWOT-талдау, GAP-талдау, STEP-талдау);
  • корпоративтік стратегияны қалыптастыру;
  • функционалдық стратегияларды әзірлеу;
  • тауар және баға саясатын әзірлеу және жетілдіру;
  • нарықта өткізу жүйесін және тауар қрзғалысын ұйымдастыру;
  • нарықта тауарлар мен қызметтерді жылжыту үшін маркетингтік коммуникацияларды қолдану;
  • нарықтағы бәсекелестік артықшылықтарды қамтамасыз ететін маркетингтік стратегияларды жүзеге асыру;
  • маркетингтік қызметке тексеру, аудит және бақылау жүргізу.

 

Мансаптық перспективалар (мамандықтар)

 

Маркетолог – бұл ең перспективті және креативті мамандықтардың бірі.  Шын мәнінде, маркетолог фирманың бірінші тұлғасының стратегиялық деңгейде көмекшісі бола алады. Әдетте, компанияда маркетинг жөніндегі басшы коммерциялық директор немесе маркетинг жөніндегі вице-президент қызметін атқарады. Осы мамандықтың негізгі артықшылықтарының бірі оны қолданудың кең спектрі, сондай-ақ барлық жаңа құралдар мен технологияларды пайдалану қабілеті болып табылады. Маркетинг бәсекелестерді, нарықтарды талдауға мүдделі кез келген компанияда сұранысқа ие. Мұндай мамандар бастапқыда басқарушылық шешімдерді маркетингтік қолдауға бағытталған және олардың мансабының қисынды жалғасы ретінде даму жөніндегі, стратегиялық жоспарлау жөніндегі және т. б. директордың лауазымы аралық позицияларға дейін өсу болып табылады.

8D04105 – «Маркетинг» мамандығы бойынша PhD білім беру бағдарламасы экономикалық ғылымдар саласындағы ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауға бағытталған оқу, әдістемелік және ғылыми-зерттеу қызметінің кеңейтілген интеграциясына негізінде құрылған. Докторантураның іргелі білім беру бағдарламасының негізін инновациялық курстар, жоғары білікті профессорлық-оқытушылар құрамы, шетелдік ғалымдар құрайды. Докторанттардың ғылыми-қолданбалы зерттеулері Қазақстанның жетекші ғалымдарының ғылыми мектептері шеңберінде жүзеге асырылады.

 

Шифр: 8D04105

 

Академиялық дәреже:  философия докторы (PhD)

 

Қабылдау емтихандары :

 

  • шет тілі
  • мамандығы бойынша.

 

Оқу формасы: күндізгі

 

Оқу мерзісі: 3 жыл

 

Оқу тілі: қазақ, орыс тілінде

 

Оқу шарттары: оқыту мемлекеттік гранттар бойынша және ақылы негізде жүзеге асырылады.

Білім беру бағдарламасы

«Маркетинг» ББ-ның доктарантурасының профессорлық-оқытушылар құрамы кандидаттар мен ғылым докторлары, PhD докторлары ғылыми дәрежесі бар жоғары білікті оқытушылардан жинақталған; ғылыми-педагогикалық қызметте және бизнес құрылымдарында практикалық жұмыста бай тәжірибесі бар; Scopus деректер базасында индекстелген журналдардағы жарияланымдар санының көп болуы; PhD докторларын дайындаған; ғылыми-зерттеу тақырыптары мен жобаларының жетекшілері немесе орындаушылары, сондай-ақ студенттер мен магистранттардың ғылыми жетекшілері – республикалық олимпиадалар мен халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары.

 

«Маркетинг және логистика» кафедрасының ғылыми-зерттеу жұмыстары жалпы оқу процесінің құрамдас бөлігі, интеллектуалдық әлеуетті нығайтудың ең маңызды факторы, оқу-әдістемелікті қамтамасыз етуді үнемі жаңартып отырудың негізі болып табылады.

 

Кафедраның жетекші профессорлық-оқытушылар құрамы маркетингтің  өзекті мәселелері бойынша  қолданбалы зерттеулер жүргізеді. «Маркетинг» мамандығының докторанттары «Маркетингтегі цифрлық технологиялар және инновациялық әдістер» кафедрасының ғылыми жобасына тартылады, бұл олардың зерттеушілік және аналитикалық дағдыларын қалыптастыруға және дамытуға мүмкіндік береді.

Бағдарламаның ерекшеліктері мен бірегейлігі

«Тұран» университетінің «Маркетинг» білім беру бағдарламасының ерекшелігі оның бірегейлігінде жатыр, ол келесі ерекшеліктермен сипатталады:

 

  • 7 жыл мерзімге АРТА(НААР) халықаралық аккредитациясы және 8 жыл мерзімге ACQUIN. Бұл жай ғана халықаралық мойындау емес, бұл «Тұран» университетінің «Маркетинг» ББ түлегі дипломы шетелде жұмысқа орналасу үшін, сондай-ақ шетелдік докторантураға түсу үшін мойындалады және жоғары баға беріледі; АРТА (НААР) және Атамекен рейтингтеріндегі «Тұран» университетінің «Маркетинг» ББ-ның тұрақты жоғары рейтингтері мамандықтың беделін және біздің білім беру бағдарламамыздың халықаралық стандарттарға және ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің талаптарына сәйкес келетінін айғақтайды.
  • заманауи нарық талаптарына сәйкес және жұмыс берушілердің сұраныстарына жауап беретін білім беру бағдарламасының инновациялық курстары қарастырылған: «Маркетингтің заманауи теориясы мен тәжірибесі», «Цифрлық технологиялар және маркетингтің инновациялық әдістері», «Маркетингтік digital коммуникациялар»; осы пәндерді оқу барысында докторанттар заманауи цифрлық технологиялар мен инновациялық маркетинг әдістерін (жасанды интеллект, кеңейтілген және виртуалды шындық, жарнамадағы инновациялар, SMM, партизандық маркетинг әдістері мен құралдары, дизайн ойлауы, краудфандинг, нейромаркетинг және т.б.) меңгереді.
  • бизнес пен білімнің интеграциясы (Тұран университетінің маркетинг және логистика кафедрасында Қазақстан маркетинг қауымдастығы құрылды және жұмыс істейді – бұл кәсіби маркетологтар мен оқытушылардың қауымдастығы. Қазақстан маркетинг қауымдастығы екі тарап үшін де әртүрлі маркетингтік іс-шараларды белсенді түрде жүргізеді, оқу процесі және бизнес, сайтта және әлеуметтік желілерде маркетинг бойынша қызықты және пайдалы мақалалар жариялайды. «Маркетинг» бағдарламасы бойынша сабақ беретін кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы ҚҚМ-мен белсенді ынтымақтастықта: қауымдастықтың оқытушыларымен оқыту семинарлары мен тренингтер ұйымдастырылады және өткілезеді; ҚҚМ өкілдері бакалавриат бойынша білім алады; студенттерге шеберлік сабақтарын өткізу; конференциялар мен дөңгелек үстелдерге қатысу);
  • мамандандырылған оқу кабинеттері мен оқу зертханалары («Маркетинг және логистика» кафедрасында «Маркетинг» ББ үшін 2 мамандандырылған зертхана бар: 1) Цифрдық зертхана  Apple Digital Lab (218 кабинет); 2) «Қазақстан маркетинг қауымдастығының» зертханасы (204 ауд). Цифрлық зертханадағы компьютерлерде Цифрлық маркетинг саласындағы жұмыстарды орындауға арналған мамандандырылған бағдарламалар пакеті орнатылған. Сондай-ақ Over, Photoshop Mix және Tayasui Sketches School көмегімен жарнамалық плакаттар мен әлеуметтік медиа графикасын жасауға болады. Apple Digital Lab жүйесінде білім алатын Тұран университетінің докторанттары мақсатты аудиториямен өздері түсінетін тілде сөйлесуді үйреніп қана қоймайды, сонымен қатар олардың табысты болуына мүмкіндік беретін коммерциялық маңызды, бәсекеге қабілетті жобаларды жасай алады;
  • оқу процесінде компьютерлік технологияны қолдану (kahoot.it веб-сайтында онлайн тестілеу, қолданбалы оңтайландыру есептерін шешу және Excel бағдарламасында іскерлік ойын жүргізу, Marketing Expert бағдарламасының көмегімен маркетингтік аналитика, Google Analytics жүйелері, Yandex Metrica, компьютерлік тестілеу. LMS Canvas бағдарламасы, Google Forms және Survey Monkey Интернет қызметтерін пайдаланып онлайн сауалнамалар жүргізу, Chat GPT сайтын жарнамалық жазбаларды, әлеуметтік медиа мазмұнын жасау және әртүрлі практикалық тапсырмаларды орындау). «Тұран» университетінің «Маркетинг» ББ-ның ерекшеліктері оның басқа университеттердің ұқсас бағдарламаларынан айырмашылығыжәне оның бірегейлігі мен бәсекелестік артықшылықтарын көрсетеді.
Инновациялық курстардың өзектілігі
  • Маркетингтің қазіргі теориясы мен тәжірибесі
  • Маркетингтегі цифрлық технологиялар мен инновациялық әдістер
  • Маркетингтік цифрлық коммуникациялар
  • Маркетинг 5.0: озық маркетингтік технологиялар
Біздің серіктестіктер
  • М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті. (Ресей)
  • University of Applied Sciences / Hochschule Zittau/Görlitz (Германия)
  • The Bucharest University of Economic Studies (Румыния)
  • Varna University of Management (Болгария)
  • University of Economics – Varna (Болгария)
  • Финансовый университет при Правительстве Российской Федерации (Россия)
  •  Ресей Федерациясы Үкіметі негізінде қаланған  Қаржы университеті (Ресей)
  •  Г.В. Плеханов атындағы Ресей экономика университеті. (Ресей)
  • Ұлттық зерттеу Нижний Новгород мемлекеттік университеті. Н.И. Лобачевский (Ресей)
  • Мұса Рысқұлбеков атындағы Қырғыз экономикалық университеті (Қырғызстан)
  • Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар институты (Қазақстан)
  •  Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Экономика институты
  •  ID-GROUP халықаралық кәсіпкерлік академиясы
Мансап перспективалары (кәсіптер)

Докторантурада оқу барысында алынған іргелі білімдер, дағдылар мен тәжірибелік дағдылар түлектерді жұмысқа орналастыру және академиялық салада және одан тыс мансаптық даму перспективаларын айтарлықтай жақсартады.

 

«Маркетинг» ББ докторанттары нарық талаптарына және жұмыс берушілердің сұраныстарына жауап беретін негізгі құзыреттерді алады:

 

  • заманауи технологияларды және деректерді жинау мен өңдеудің сандық әдістерін, математикалық модельдеу әдістерін қолдана отырып, ғылыми зерттеулер жүргізу, ғылыми ақпаратты статистикалық өңдеу мүмкіндігі;
  • халықаралық ғылыми журналдардың талаптарына сәйкес ғылыми мақалалар жазу дағдылары;
  • маркетингтік қызметте цифрлық технологияларды қолдану, цифрлық маркетинг құралдарын пайдалана отырып өнімді жылжыту және сату мүмкіндігі;
  • инновациялық технологияларды, өнімдерді және жобаларды әзірлеу мүмкіндігі;
  • маркетингтік үлгілерді, технологиялар мен механизмдерді әзірлеу дағдылары.

 

Жұмыс берушілер докторанттардың потенциалы мен зерттеу қабілеттерін, олардың әртүрлі көздерден алынған білімді біріктіру қабілетін және академиялық және кәсіби білімнің шекарасында жұмыс істеу қабілетін жоғары бағалайды.

 

«Маркетинг» ББ докторантурасының түлектері қызметтің кез келген саласында келесі лауазымдарда жұмыс істей алады:

 

  • Коммерциялық директор;
  • Маркетинг жөніндегі вице-президент;
  • Маркетинг департаментінің директоры;
  • Интернет маркетолог;
  • SMM басшысы;
  • BigData талдаушысы;
  • Жасанды интеллект технологиялары бойынша маман;
  • Толықтырылған және виртуалды шындық бойынша маман;
  • Өнім менеджері;
  • Инновациялық жоба менеджері;
  • Ассоциированный профессор және т.б.
Online қабылдау