Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі STEM

Бакалавриат

Қонақ үй-мейрамхана бизнесі тұтынушылардың қажеттіліктерін барынша қанағаттандыруға, жайлылықтың жоғары деңгейін қамтамасыз етуге, қонақтардың тұрмыстық, экономикалық және мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған бәсекелестік деңгейі жоғары сала болып табылады. Келушілерге қызмет көрсету мәдениеті мен сапасы неғұрлым жоғары болса, қонақ үй мен мейрамхананың имиджі соғұрлым жоғары болады, олар клиенттер үшін соғұрлым тартымды болады.

 

Қазіргі заманғы қонақүйлер мен мейрамханаларда жұмыс істейтін мамандардың негізгі міндеті барлық қызмет қызметкерлерінің ұжымдық күш-жігерімен, тұрақты және тиімді бақылаумен, қызмет көрсету нысандары мен әдістерін жетілдірумен, озық тәжірибені, жаңа техника мен технологияны зерделеу мен енгізумен қамтамасыз етілетін жұмыстың жаңа тәсілдерін құру және енгізу болып табылады.

.

 

Оқу формасы және оқу мерзімі:
Күндізгі мектептен кейін – 4 жыл
Колледжден кейін-бөлім 3 жыл

 

Мамандық коды: «6В11102 – Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі»
ҰБТ таңдауы бойынша пән: мектептен кейін: География + Шетел тілі
колледжден кейін: Қазахстан Тарихы + Мерамхана мен қонақ үй шаруашылығындағы қызымет көрсетуді ұйымдастыру
Академическая степень: Қызмет көрсету саласындағы бакалавры
Міндетті және элективті (таңдау бойынша) пәндер
  • мейрамхана және мейманхана биснесіндегі кәсіпкерлік қызмет негіздері
  • мейрамхана және мейманхана қызмет көрсету технологиясы
  • мейманхана және мейрамханалық бизнес мекемелерінің брендін басқару
  • қызмет көрсетудегі мәдениетаралық коммуникациялар
  • қызмет көрсету саласындағы инфрақұрылым және логистика
  • кәсіпкерлік қызметті құқықтық реттеу
  • кәсіпкердің жеке тиімділігі
  • қызмет көрсету саласында сертификаттау және стандарттау
  • туристік қызмет саласында сату технологиясы
  • туризм мен сервисте  электронды брондау және резервтеу жүйесі
  • қонақжайлылық кәсібіндегі экономика
  • рекреация және курортология
  • кәсіпкерлікке енгізу
Тәжірибе базасы:
  • Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы
  • Қазақстандық туристік қауымдастық (КТК)
  • Қазақстанның қонақ үйлер және мейрамханалар қауымдастығы
  • Қазақстанның туристік агенттер қауымдастығы (ҚТАҚ)
  • «Premium Travel Company» ЖШС
  • «Alterra inn – Novotel Almaty City Center» ЖШС
  • «DARIN Construction», отель «Mercure Almaty City Center» ЖШС
  • «Sanita Tours   International» ЖШС
  • «Almaty/Astana City Tour» ЖШС
  • «КэпиталТауэрДевелопмент» ЖШС – «Ritz Carlton Almaty» мейманханасы
  • «VipKz.Tour» ЖШС
  • «Royal Tulip Almaty» мейманханасы
  • «Intercontinental Almaty» мейманханасы
Халықаралық бағдарламалар

Білім алушылардың  Халықаралық ынтымақтастық аясында және академиялық ұтқырлық бағдарламалар бойынша серіктес жоғары оқу орындарында таңдау бойынша оқуға және тағылымдама мен практикадан  өтуге мүмкіндігі бар:

 

  • Istanbul Arel University, Стамбул қаласы, Түркия;
  • Кастамону университеті (KastamonuUniversity), Кастамону қаласы, Түркия;
  • Berjaya University College of Hospitality, Куала-Лумпур қаласы, Малайзия;
  • University of Agribusiness and Regional Development, Пловдив қаласы, Болгария;
  • Варна экономикалық университеті, Варна қаласы, Болгария;Грузия техникалық университеті, Тбилиси қаласы, Грузия;
  • Санкт-Петербург мемлекеттік экономика университеті, Санкт-Петербург, Ресей
  • Анталияда Халықаралық туризм академиясы, Анталия қаласы, Түркия.
  • The University of Economy in Bydgoszczа, Быдгощ қ., Польша
БІЗДІҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫМЫЗ
ТҮЛЕКТЕРДІҢ ПІКІРЛЕРІ
БІЗДІҢ БАЙЛАНЫСТАР:
Graduate School of Business
Телефон:
+7 (727) 260-40-13 (1071,1072,1073,1074)
WhatsApp: +7 777 260-40-10
E-mail: gsb@turan-edu.kz
bs.stem@turan-edu.kz
Online қабылдау