2026 жылдың ақпан айында «Туран» университетінде 6B06101 – Ақпараттық жүйелер және 6B06103 – Интеллектуалды робототехника білім беру бағдарламаларының студенттеріне арналған «Жасанды интеллект код жазады. Қосымшаларды әлі де адамдар жасайды» тақырыбында шақырылған сарапшының қатысуымен қонақ дәрістер сериясы өтті.
Спикер: Анелия Маликовна Мухамедкаримова – App Developer, Apple Teacher with Swift Recognition мәртебесінің иегері, WWDC Swift Student Challenge Award 2023 халықаралық байқауының жүлдегері, Apple Developer Academy (Неаполь, Италия) түлегі.
Дәріс барысында жасанды интеллект технологияларының қарқынды дамуы жағдайында IT-мамандықтардың трансформациясына қатысты өзекті мәселелер қарастырылды. Генеративті ЖИ дәуіріндегі әзірлеушінің рөліне, сондай-ақ бағдарламалық өнімдерді жасау тәсілдеріндегі өзгерістерге ерекше назар аударылды. Қатысушылар ЖИ құралдарының заманауи мүмкіндіктерімен және оларды бағдарламалық жасақтама әзірлеуде қолдану жолдарымен танысты. Бағдарламалау үдерістерінің автоматтандырылуына қарамастан, пайдаланушыны түсіну, міндеттерді дұрыс қою және өнімдік шешімдер қабылдау қабілеті арқылы әзірлеушінің негізгі рөлі сақталатыны көрсетілді.
Баяндаманың негізгі мәселелері:
– бағдарламалық шешімдерді әзірлеуде заманауи AI-құралдарды пайдалану;
– код жазу автоматтандырылған жағдайда әзірлеушінің рөлі;
– сұранысқа ие мобильді қосымшаларды жасау ерекшеліктері;
– ақпараттық жүйелер саласындағы маманның негізгі құзыреттерін қалыптастыру;
– студенттердің Apple компаниясының халықаралық бағдарламалары мен байқауларына қатысу мүмкіндіктері.
Сондай-ақ, бағдарламалық өнімдерді әзірлеу тек код жазумен шектелмей, пайдаланушы тәжірибесін жобалауды, талаптарды талдауды және түпкілікті нәтижеге жауапкершілікті қамтитынына ерекше мән берілді.
Іс-шара аясында мобильді қосымшаларды әзірлеудің практикалық дағдыларын, командалық жұмысты және халықаралық IT-бастамаларға қатысуды дамытуға бағытталған Swift Coding Club Almaty студенттік қауымдастығының таныстырылымы өтті.
Қонақ дәріс студенттер арасында жоғары қызығушылық тудырып, кәсіби көкжиекті кеңейтуге және білім беру үдерісін халықаралық IT-индустриямен байланысты нығайтуға ықпал етті.
Дәрісті ұйымдастырушы – Ким Екатерина Романовна, т.ғ.к., “Тұран” Университетінің Ақпараттық технологиялар жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры.