«Робототехника» бағыты бойынша XVIII республикалық пәндік олимпиада

«Тұран» университеті сіздерді 2026 жылғы 25 сәуірде өтетін Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Робототехника» бағыты бойынша XVIII Республикалық пәндік олимпиаданың (бұдан әрі – РПО) II кезеңіне қатысуға шақырады.

РПО-ның негізгі мақсаттары мен міндеттері: студенттердің оқу-танымдық және ғылыми-зерттеу қызметін ынталандыру, олардың кәсіби және тұлғалық әлеуетін ашу, өзіндік санасын, шығармашылық қабілеттерін дамыту, өзін-өзі жүзеге асыру және өзін-өзі бекіту үшін жағдай жасау, азаматтық ұстанымын қалыптастыру, дарынды және талантты студенттерді іріктеу және қолдау, білім беру жүйесін жетілдіруге белсенді кәсіби көзқарас қалыптастыру.

XVIII Республикалық пәндік олимпиаданың II кезеңіне Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының «Робототехника» бағыты бойынша студенттері қатыса алады.

ҚР ҒЖБМ ұсынымдарына сәйкес, жоғары оқу орны I кезең нәтижелері бойынша 3 студенттен тұратын 1 команда қалыптастырады. Команданы міндетті түрде жетекші алып жүруі тиіс.

РПО екі кезеңде өткізіледі: I кезең – теориялық, II кезең – практикалық.

 

Олимпиаданың I кезеңі (теориялық) «ARDUINO бағдарламалау» пәні бойынша әр қатысушыға жеке тестілеу форматында өткізіледі (жеке тест, командалық есеппен).
Олимпиаданың II кезеңі командалық есеп форматында роботты жүзеге асыруға арналған практикалық кейс түрінде өткізіледі.

 

РПО-ның жұмыс тілдері – қазақ және орыс тілдері.

 

Қатысуға өтінім 2026 жылғы 15 сәуірге дейін (қоса алғанда) келесі құжаттарды тіркей отырып, тіркеу формасы арқылы қабылданады: (тіркеу сілтемесі: https://forms.gle/NJ7pXSpLAL85Qha79)

1) Ректор қол қойған және мөрмен расталған ЖОО-ның ресми бланкіндегі ілеспе хат;
2) 1-қосымшаға сәйкес өтінім;
3) XVIII Республикалық пәндік олимпиаданың I кезеңінің қорытындылары туралы Ғылыми кеңес отырысының хаттамасынан үзінді;
4) Қатысушылардың электронды студенттік билеттері.

 

Өтінімнің түпнұсқасы және жеке басын куәландыратын құжаттар (жеке куәлік және электронды студенттік билеттер) келген кезде ұсынылуы тиіс.

Олимпиадаға қатысуға байланысты барлық шығындар (келу, кету, тамақтану, тұру) жіберуші тарап есебінен өтеледі. Команда мүшелері өзімен бірге жеке куәлігін және электрондық студенттік билетін алып жүруі тиіс.

 

Ұйымдастыру комитеті:

Шинтемирова Айгүл Ураловна, ұялы тел.: +7 777 737 33 62, e-mail: it_conference@turan-edu.kz
050013, Алматы қ., Сәтбаев көшесі 16а, «Тұран» университетінің бас оқу ғимараты, 309 кабинет.

 

Қосымша ақпарат «Ереже» сілтемесінде қолжетімді.

Online қабылдау