«InnoProject Challenge 2026» студенттік инновациялық шешімдер байқауы

2026 жылғы 2 сәуірде «Тұран» университетінің Ақпараттық технологиялар жоғары мектебі базасында «InnoProject Challenge» студенттік инновациялық шешімдер байқауы өткізілді. Аталған байқау жас ғалымдардың «InnoTech Connect: Идеялар мен технологияларды байланыстырамыз» атты III Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы аясында екінші рет ұйымдастырылды.

Байқауға Алматы қаласының жоғары оқу орындарының студенттерінен ақпараттық технологиялар, инженерия, ғылым және бизнес-шешімдер бағыттарында инновациялық тәсілдерді дамытуға бағытталған 16 жоба ұсынылды.

Қорытынды нәтижелер бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:

I дәрежелі диплом – Рүстем А.Р. «Кәсіпорында қолжетімділікті бақылауға арналған бет-әлпетті тану жүйесі», «Тұран» университеті. Ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Ким Е.Р.

II дәрежелі диплом – Құрманбай М.М., Гайтинов М.Р., Борибаев Ж.О. «Пайдаланушылардың жанама кері байланысы негізінде кітаптардың танымалдығын талдауға арналған аналитикалық веб-платформа», «Тұран» университеті. Ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Ким Е.Р.

II дәрежелі диплом – Варданян К.А., Габдуллин Ш.Б., Матушкин Д.Г. «Бизнес-процестерді автоматтандыру үшін жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, қорғалған no-code платформаны әзірлеу», «Тұран» университеті. Ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Тусупов К.А.

III дәрежелі диплом – Дюкарев А.В., Дюкарев В.В., Арютов В.В. «Қазақстандық ақпараттық-энциклопедиялық анықтамалық (КИнЭС) материалдарын жүйелеу және таратуға арналған веб-ресурсты жобалау және жүзеге асыру», «Тұран» университеті. Ғылыми жетекшісі: техника ғылымдарының магистрі Мамбетов С.Т.

III дәрежелі диплом – Құрманбай М.М. «Unreal Engine негізінде психологиялық хоррор жанрындағы 3D ойынды әзірлеу: иммерсивті ойын ортасын құру әдістері», «Тұран» университеті. Ғылыми жетекшісі: АЖ магистрі, аға оқытушы Мухамеджанова Г.С.

III дәрежелі диплом – Сорокоумова Ю.В. «Мерекелік іс-шараларды ұйымдастыруды автоматтандыруға арналған, мердігерлерді интеллектуалды іріктеу негізіндегі цифрлық платформаны әзірлеу», Almaty Management University. Ғылыми жетекшісі: professor of practice Дауренбекова К.С.

Барлық қатысушыларды және ғылыми жетекшілерді лайықты нәтижелерімен құттықтаймыз және ғылыми әрі жобалық қызметте жаңа жетістіктер тілейміз!

 

Online қабылдау