«Тұран» университеті – AI Talents Almaty хакатонының серіктесі

«Тұран» университеті 2026 жылғы 3–4 сәуірде Farabi Hub алаңында өткен AI Talents Almaty қалалық хакатонының серіктесі болды.

 

Іс-шара қатысушылардың цифрлық шешімдерді әзірлеу және жасанды интеллектті қолдану саласындағы технологиялық әрі зияткерлік әлеуетін анықтауға бағытталды. Сонымен қатар, бағдарламалау, аналитикалық ойлау және командалық жұмыс дағдыларын дамытуға, нақты мәселелерді шешуге бағытталған инновациялық жобаларды жасауға ынталандыруға және IT саласына қызығушылықты арттыруға ықпал етті.

 

Хакатонға Алматы қаласының 9–11 сынып оқушыларынан құралған 70 команда қатысты. Қатысушылар 24 сағат бойы жасанды интеллект, деректерді талдау және бағдарламалау технологияларын пайдалана отырып, цифрлық шешімдердің прототиптерін әзірледі.

 

Хакатонның сарапшылар алқасының құрамында «Тұран» университеті Ақпараттық технологиялар жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры, техника ғылымдарының кандидаты Ким Екатерина Романовна болды. Ол жобаларды инновациялық деңгейі, практикалық маңыздылығы, жүзеге асыру сапасы және таныстыру деңгейі бойынша бағалауға қатысты.

 

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар ақшалай сыйлықтармен марапатталды:

  • 1 орын – TechnoForce – 250 000 теңге
  • 2 орын – hellcode – 200 000 теңге
  • 3 орын – 4 nerds – 150 000 теңге

«Тұран» университетінің серіктес әрі қазылар алқасының мүшесі ретінде қатысуы оқу орнының IT-білім беруді дамытудағы, дарынды жастарды қолдаудағы және жасанды интеллект саласындағы кәсіби қауымдастықты қалыптастырудағы белсенді рөлін көрсетеді.

 

Хакатон болашаққа бағытталған идеяларды анықтауға, оқушылардың инженерлік және кәсіпкерлік ойлауын дамытуға, сондай-ақ білім беру ұйымдары мен индустрия арасындағы байланысты нығайтуға маңызды алаң болды.

 

Online қабылдау