Құрметті ғалымдар мен зерттеушілер!
«Eurasian Journal of Current Research in Psychology and Pedagogy» ғылыми-практикалық журналы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым мен білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін ұсынатын ғылыми басылымдар тізіміне (2-тізім) енгізілгенін хабарлаймыз (ҚР ҒЖБМ Ғылым мен білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің 2026 жылғы 18 сәуірдегі № 282 бұйрығы, «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін ұсынатын ғылыми басылымдар тізімін бекіту туралы» 2024 жылғы 12 шілдедегі № 603 бұйрыққа толықтырулар енгізу туралы»).
Қазақстандық және шетелдік университеттердің ғалымдарын, оқытушылары мен зерттеушілерін өздерінің ғылыми зерттеу нәтижелерін біздің журналда жариялауға шақырамыз. Біз халықаралық ғылыми ынтымақтастыққа ашықпыз.