«Eurasian Journal of Current Research in Psychology and Pedagogy» журналы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін ұсынатын ғылыми басылымдар тізіміне (2-тізім) енгізілді

Құрметті ғалымдар мен зерттеушілер!

«Eurasian Journal of Current Research in Psychology and Pedagogy» ғылыми-практикалық журналы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым мен білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін ұсынатын ғылыми басылымдар тізіміне (2-тізім) енгізілгенін хабарлаймыз (ҚР ҒЖБМ Ғылым мен білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің 2026 жылғы 18 сәуірдегі № 282 бұйрығы, «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін ұсынатын ғылыми басылымдар тізімін бекіту туралы» 2024 жылғы 12 шілдедегі № 603 бұйрыққа толықтырулар енгізу туралы»).

 

Қазақстандық және шетелдік университеттердің ғалымдарын, оқытушылары мен зерттеушілерін өздерінің ғылыми зерттеу нәтижелерін біздің журналда жариялауға шақырамыз. Біз халықаралық ғылыми ынтымақтастыққа ашықпыз.

 

Online қабылдау