Құрметті студенттер және жетекшілер!
Тұран университеті сіздерді 2026 жылдың 15 мамыр айында өтетін Қаржы бағдарламасы бойынша XVIII Республикалық студенттік пәндік олимпиадаға (РСПО) қатысуға шақырады.
РСПО-ға қатысуға Қазақстан университеттерінде қаржы мамандығы бойынша оқитын және университетішілік бірінші кезеңнен өткен студенттер шақырылады.
Тұран университетінде өткізілетін олимпиада екі кезеңнен тұрады:
I кезең (сырттай, іріктеу) «БІЗ болашақтың қаржыгерлеріміз» тақырыбындағы бейне визитканы бағалау және Олимпиада тақырыбындағы жобаны сараптау нәтижелері бойынша өткізіледі.
II кезең (офлайн) келесі шараларды қамтиды:
– Кешенді FinSprint тесті түріндегі іріктеу кезеңі: қаржы бағдарламасының негізгі пәндері бойынша интеллектуалды тест; қаржы IQ бойынша команда капитандарының байқауы (қаржы бағдарламасының құзыреттіліктері бойынша интерактивті блиц);
– Олимпиада тақырыбындағы ғылыми жобаның презентациясы.
Өткізілу орны: Алматы қаласы, Сәтпаев көшесі, 16А, «Тұран» университеті.
Тіркелу мерзімінің аяқталуы: 2026 жылдың 4 мамыр
Өтініштерді тапсыру: finance_rspo_2026@turan-edu.kz
Қосымша ақпарат: Олимпиада ережесі төменде тіркелген құжатта көрсетілген.