«Қаржы» мамандығы бойынша XVIII Республикалық студенттер пәндік олимпиадасы

Құрметті студенттер және жетекшілер!

 

Тұран университеті сіздерді 2026 жылдың 15 мамыр айында өтетін Қаржы бағдарламасы бойынша XVIII Республикалық студенттік пәндік олимпиадаға (РСПО) қатысуға шақырады.

РСПО-ға қатысуға Қазақстан университеттерінде қаржы мамандығы бойынша оқитын және университетішілік бірінші кезеңнен өткен студенттер шақырылады.

 

Тұран университетінде өткізілетін олимпиада екі кезеңнен тұрады:

I кезең (сырттай, іріктеу) «БІЗ болашақтың қаржыгерлеріміз» тақырыбындағы бейне визитканы бағалау және Олимпиада тақырыбындағы жобаны сараптау нәтижелері бойынша өткізіледі.

 

II кезең (офлайн) келесі шараларды қамтиды:

– Кешенді FinSprint тесті түріндегі іріктеу кезеңі: қаржы бағдарламасының негізгі пәндері бойынша интеллектуалды тест; қаржы IQ бойынша команда капитандарының байқауы (қаржы бағдарламасының құзыреттіліктері бойынша интерактивті блиц);

– Олимпиада тақырыбындағы ғылыми жобаның презентациясы.

 

Өткізілу орны: Алматы қаласы, Сәтпаев көшесі, 16А, «Тұран» университеті.

 

Тіркелу мерзімінің аяқталуы: 2026 жылдың 4 мамыр

 

Өтініштерді тапсыру: finance_rspo_2026@turan-edu.kz

 

Қосымша ақпарат: Олимпиада ережесі төменде тіркелген құжатта көрсетілген.

РСПО_2026_Финансы

Online қабылдау