Оқыту мерзімі қысқартылған күндізгі оқу нысанына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады. Мұндай студенттерге білім алушының аудиторияда отырып қатысуымен өтетін әдеттегі офлайн сабақтардан бөлек, білім беру бағдарламасының оқу жоспарындағы пәндердің 20 %-дан 50%-ға дейін қашықтықтан (онлайн нысанда) оқуға болады.
Қашықтықтан оқыту – оқытушы мен білім алушылардың қашықтықтан, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып өзара байланыс орнатуы арқылы жүзеге асырылатын оқыту.
Оқу үрдісін ұйымдастыру кезінде білім беру бағдарламасы негізінен білім алушының өз бетінше білім алуына, ал оқу сабақтары оқытудың синхронды (нақты уақыт режиміндегі бейне сабақ) және асинхронды (сабақтың алдын ала дайындалған бейнежазбасы) нысандары арқылы жүргізіледі. Университет білім алушыға консультациялық қолдау көрсетуді (эдвайзер-куратор) және білім алушының білім беру бағдарламасын меңгеруін, сабаққа қатысуын, логиндеуді, оқу материалдарының орындалу барысын және тапсырмаларды уақытылы орындауды білім алушының цифрлық ізі арқылы (студенттердің деректері Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары білім берудің бірыңғай платформасына (ЖБББП) автоматты түрде енгізіледі) бақылап, қатаң мониторинг (университеттің автоматтандырылған ақпараттық жүйесі) жүргізеді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы «Білім беру ұйымдарына қашықтықтан оқытуды ұсыну жөніндегі талаптарды және қашықтықтан оқыту бойынша және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша онлайн-оқыту нысанында оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» № 137 бұйрығына сәйкес (жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 07.08.2023 № 397 бұйрығы), университеттерде кадрларды даярлау үшін бүкіл оқу кезеңінде пәндердің жалпы санының 50%-дан аспайтын бөлігін қашықтықтан оқытуға ауыстыру қарастырылған, ал 6В042 –Құқық бағыты бойынша кадрларды даярлау бүкіл оқу кезеңінде жалпы пәндер санынан 20%-дан аспайтын пәндерді қашықтықтан оқытуға көшіру қарастырылған.
Қысқартылған оқу мерзімі бар күндізгі оқу бағдарламаларына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары түсе алады.
Колледжден кейін: 2–3 жыл (4–6 семестр)
Теориялық оқыту: 120–140 кредит немесе 166-186 кредит
Кешенді емтихан немесе бітіру жұмысы
Құжаттар тізімі
Екінші жоғары білім: 2 немесе 3 жыл
Теориялық оқыту: 120-140 кредит
Кешенді емтихан, бітіру жұмысы.
Құжаттар тізімі