«Тұран» университеті түрік тілі сабағын жүргізеді

Мәдениет жөніндегі ведомствоаралық бірлескен комиссияның шешіміне сәйкес Түркияның Қазақстандағы Бас консулдығының қолдауымен «Тұран» университетінде түрік тілі курстары басталды.

 

Курстар түрік мәдениеті мен түрік тілін насихаттауға бағытталған, оны ана тілінде сөйлейтін доктор Нуреттин Чакыр жүргізеді. Сабақтар барлығына: университет қызметкерлері мен студенттеріне аптасына екі рет тегін өткізіледі. Түрік тілін оқыту бағдарламасына «Халықаралық қатынастар», «Аударма ісі», «Әлемдік экономика» мамандықтарының 2 және 3 курс студенттері қатысады.

 

Стамбул университеті Тұран университетінің стратегиялық серіктесі болып табылады. Бұл курстан өту қатысушыларға Стамбул университетіндегі түрік тілінің деңгейін анықтау үшін тест тапсыруға, сондай -ақ халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысуға мүмкіндік береді.

Қабылдау комиссиясы