ӨЗІНЕ СЕНГЕНДЕРГЕ ЖӘНЕ ТАБЫСҚА АРНАЛҒАНДАРҒА

Алматы қаласы, Сатпаев көшесі, 16а
Қабылдау комиссиясы +7 727 260 40 00

Эразмус+ академиялық ұтқырлық грантына студенттер үшін байқау

Құрметті бакалавриат студенттері (грантта немесе ақылы бөлімде оқитын 2 және 3 курс студенттері)!

 

Сіздерге 2021-2022 оқу жылының көктемгі семестріне Эразмус + академиялық ұтқырлық бойынша конкурс жарияланғанын хабарлаймыз. Тұран университетіне Vytautas Magnus University, Kaunas, Lithuania Литва университетінде 2 орын бөлінген. Қаржыландыру-Эразмус + бағдарламасы есебінен.

 

Байқауға келесі мамандықтардың студенттері қатыса алады:

  • Менеджмент
  • Әлемдік экономика
  • Экономика
  • Ақпараттық технологиялар
  • Халықаралық қатынастар
  • Аударма ісі
  • Компьютерлік және бағдарламалық инженерия

 

Іріктеу процесі

Студенттерді іріктеу 2 кезеңде жүргізіледі:

* Университет ішіндегі конкурстық іріктеу;

* Еуропалық серіктес ЖОО-ның кандидатураларын конкурстық іріктеу және бекіту.

 

Осы бағдарлама бойынша бакалавриаттың 2 және 3-курстарының тәртіптік жазалары, қаржылық және академиялық борыштары жоқ, Intermediate деңгейінен төмен емес ағылшын тілін меңгерген студенттері оқуға жіберілуі мүмкін.

 

1 кезеңнің қажетті құжаттары:

  • академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға өтініш (қосымша);
  • төлқұжат(паспорт) көшірмесі;
  • транскрипт;
  • ағылшын тілін білетіндігін растайтын сертификат (бар болса);
  • марапаттар, сертификаттар, жарияланымдар және т. б. жетістіктер;

 

Барлық құжаттар топтамасын 2021 жылғы 9 қарашаға дейінгі мерзімде электрондық поштаға жіберу қажет g.kuttybaeva@turan-edu.kz.

Соңғы жазбалар
Қабылдау комиссиясы
Выбор языка: