«Тұран» университетінің түлегі Умаров Асқар Қуанышұлы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды

Асқар Қуанышұлы 1976 жылы 30 маусымда Алматыда дүниеге келген. «Тұран»  университетін бітірген. Израиль мен Польшада тағылымдамадан өткен. БАҚ және саясат саласында мол тәжірибесі бар, жалпы еңбек өтілі 25 жылдан астам. Бұл лауазымға тағайындалғанға дейін басшылық қызметтерді атқарған, оның ішінде келесі ұйымдарда:

 

  1. «КазБизнесМедиа» Қоғамдық қорының Президенті (09.2014-04.2017);
  2. «ҚазАқпарат» ХАА бас директоры (04.2017-12.2020);
  3. «ҚазАқпарат» ХАА АҚ Басқарма төрағасы (01.2020-08.2021);
  4. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму Вице-министрі (08.2021-11.01.2022);

 

«Тұран» университеті өз түлектерінің жетістіктерін мақтан тұтады және Асқар Қуанышұлына ел игілігі үшін жемісті еңбек жолында алдағы уақытта да мол табыстар тілейді!

Қабылдау комиссиясы