«Туризм және сервис» кафедрасының оқытушылары туризм секторын тұрақты басқару саласындағы әлеуетті арттыру бағдарламасы бойынша Ұлттық сарапшыларға арналған тренингте

SUSTOUKA жобасы туристік сектордың тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру, экологиялық хабардарлықты арттыру және Қазақстан туристерін орналастыру секторында тиісті орнықты тәжірибелер мен технологияларды енгізу арқылы Қазақстанның жасыл экономикаға айналуын жеделдетуге бағытталған.

 

2023 жылғы 16-20 қаңтар аралығында  “Туризм және сервис” кафедрасының меңгерушісі, т.ғ. к. Г. Ш. Файзуллина және “Туризм және сервис” кафедрасының сениор-лекторы Б. М. Демеуова SUSTOUKA халықаралық жобасы аясында туризм секторын тұрақты басқару саласындағы әлеуетті арттыру бағдарламасы бойынша ұлттық сарапшылар үшін тренингтен өтті. Тренингке қатысушылар арасында туризмді басқару ұйымдарының өкілдері: туристік ақпараттық орталықтар, туроператорлар мен турагенттер, қонақ үйлер, университеттер және туризм, экология және қонақ үй бизнесі жөніндегі салалық республикалық қауымдастықтардың өкілдері болды. SUSTOUKA жобасын Қазақстандық Туристік қауымдастық (КТА), Қазақстандық қонақ үйлер мен мейрамханалар қауымдастығы (ҚаГИР) және ECEAT (Нидерланды) құрамында EKOTEK (Испания) басшылығымен халықаралық көпсалалы консорциум жүзеге асырады. Жобаны Еуропалық Одақ (ЕО) SWITCH-Asia бағдарламасы арқылы қаржыландырады.

 

Тренинг спикерлері: ҚР ҰЭМ “Экономикалық зерттеулер институты” АҚ тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Хатшылық директорының орынбасары Кәрімов Еван Сағатбекұлы; тұрақты даму жөніндегі жаттықтырушы және travelife сарапшысы Коршунова Анастасия Александровна; қалдықтарды басқару саласындағы PlastNet желісінің сарапшысы Алена Севериненко; Eco Network жобасының негізін қалаушы Мұхаметжанов Евгений Викторович; гидуаниев Манас Талғатұлы, басқарушы АХҚО жасыл қаржы орталығының директоры; Хасанов Дәурен Алтайұлы, АХҚО жасыл қаржы орталығының ESG officer; Ильина Виктория Олеговна, Азия және Тынық мұхиты аймағы бойынша ЮНЕСКО-ның “Адам және Биосфера” бағдарламасының (МАВ) халықаралық үйлестіру кеңесінің вице-президенті.

Қабылдау комиссиясы