«Бизнес, мемлекет және білім: Іс-әрекеттегі инновациялар» тақырыбындағы Халықаралық дөңгелек үстел 24 сәуір 2023 ж.

2023 жылдың 24 сәуірінде “Тұран” университетінде Экономика факультетінің ғылыми форумы аясында “Бизнес, мемлекет және білім: Іс-әрекеттегі инновациялар”тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға бизнес-қоғамдастық, үкімет және білім беру мекемелерінің өкілдері қатысты.

 

“Тұран” университетінің ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Алшанов Рахман Алшанұлы құттықтау сөз сөйледі. Ол болашақ мамандардың заманауи құзыреттері мемлекеттің, бизнес пен білімнің өзара іс-қимылы негізінде әзірленген шешімдерді ескеруі тиіс екенін атап өтті.

 

Талқылауға қатысты:

 

  • Кошкимбаев Сапар Хайсанович – Қазақстан Республикасы аудиторлар палатасының президенті, сертификатталған бухгалтерлер мен аудиторлардың Еуразиялық кеңесінің төрағасы (ЕССБА);
  • Цеховой Алексей Филиппович – ҚР СПМ президенті, техника ғылымдарының докторы, профессор, ХАА академигі, PMI мүшесі;
  • Таймбетов Ауез Багбанулы – Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының төрағасы;
  • Жубаниязова Жанар Адилбековна – “Halyk life” Қазақстан Халық Банкінің өмірді сақтандыру жөніндегі еншілес компаниясы ” АҚ Басқарма Төрағасы.

 

Білім беру мәселелері және оның бизнесті дамытудағы рөлі де қозғалды. Дөңгелек үстелге қатысушылар білім беру жүйесін заманауи еңбек нарығының сұраныстарына жауап беру үшін жетілдіру қажеттілігін талқылады.

 

Дөңгелек үстел әртүрлі қызмет салаларының өкілдері арасында пікірталас пен пікір алмасу алаңына айналды. Қатысушылар мұндай іс-шаралардың бизнесті және жалпы экономиканы дамыту үшін маңыздылығын атап өтті.

Қабылдау комиссиясы