«Тұран» университетінің ректоры, э.ғ.д., профессор Р.А. Алшановтың жария жылдық есебі

2024 жылдың 28 маусымында «Тұран» университетінің ректоры, э.ғ.д., профессор Алшанов Рахман Алшанұлының жария жылдық есеп беруі өтті.

 

Ректордың жария жылдық есебінде университеттің 2023-2024 оқу жылындағы жұмысының негізгі нәтижелері мен жетістіктері баяндалады.

 

32 жыл ішінде Қазақстанның алғашқы және ең ірі мемлекеттік емес жоғары оқу орындарының бірі – «Тұран» университеті экономикалық, ғылыми және мәдени қызмет үшін кәсіби кадрлар даярлай отырып, елдің зияткерлік әлеуетін дамытуға өз үлесін қосуда.

 

Университет Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығының иегері және білім беру қызметтері мен ғылыми қызмет нәтижелерінің сапасын үздіксіз жақсартып, сапаны басқарудағы ең заманауи тәсілдерді жүзеге асыра отырып, өз дамуын жалғастыруда.

 

Биыл Университет Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігіне (IAAR) ең ұзақ мерзімге – 7 жылға институционалдық аккредиттеуден өтті.

 

Жария жылдық есепті тыңдауға қоғам, БАҚ, қалалық мемлекеттік органдардың өкілдері, университет ұжымы, университет білім алушылары офлайн және онлайн форматта қатысты. Сонымен қатар ҚР қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің құрметті төрағасы, «Тұран» университетінің қамқоршылық кеңесінің мүшесі С.А.Аханов, Қазақстанның KazRENA ғылыми-білім беру желісін пайдаланушылар қауымдастығының бас директоры, «Тұран» университетінің қамқоршылық кеңесінің мүшесі Б.А. Жапаров қатысты.

 

Ректордың жария жылдық есебі стейкхолдерлердің кең ауқымына: заң шығарушы және атқарушы билік органдарының өкілдеріне, білім алушылар мен олардың ата-аналарына, педагогикалық қоғамдастықтарға, БАҚ өкілдеріне, қоғамдық ұйымдарға және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

 

«Тұран» университеті ректорының жария жылдық есебі YouTube каналында тікелей эфирде көрсетілді.

 

Презентация_«Тұран» университеті ректорының жария есебі

Қабылдау комиссиясы