2 сәуір күні актриса әрі талант-менеджер Олесья Грибоктың қатысуымен мастер-класс өтті!

Илья Бобков шеберханасында Turan Film Academy-нің «Актерлік өнер» білім беру бағдарламасының студенттеріне арналған самопробалар бойынша мазмұнды әрі тәжірибелік мастер-класс өтті. Қатысушылар көп жаңа ақпарат алды: типаждарды талдаумен жұмыс жасап, дұрыс таңдалған образ бен сапалы визуалдың жобаларға бекітілуге қалай әсер ететінін тәжірибе жүзінде көрді, сондай-ақ халықаралық нарыққа шығу жолдарын талқылады.

Барлық қатысушыларға белсенділігі мен еңбегі үшін алғыс айтамыз!

Кәсібилігі мен тәжірибесін жомарттықпен бөліскені үшін Олесьяға ерекше алғыс білдіреміз

Мастер-класс актриса және кастинг-директор Ирина Кельблер мен «Илья Бобков шеберханасы» тәуелсіз драмалық театры тарапынан Turan Film Academy студенттері үшін ұйымдастырылды.

Online қабылдау