Орталықтың аймақтық зерттеулер қызметкерлері 2026 жылғы 3–6 маусым аралығында Қырғызстанның Бішкек қаласындағы Орталық Азиядағы Америка университетінде өткен «Мәдениеттер тоғысында: Орталық Азия мен Кавказ еврейлері» атты IV халықаралық конференцияға қатысты. Конференцияны Мәскеудегі Еврей музейі және толеранттылық орталығы (Ресей Федерациясы) Иерусалимдегі Бен-Цви ғылыми-зерттеу институтымен (Израиль) бірлесіп ұйымдастырды. Орталық Азия мен Кавказ еврейлерінің тарихы мен мәдениетіне арналған бұған дейінгі конференциялар Тбилиси, Самарқанд және Алматы қалаларында өткен болатын. 2025 жылғы маусымда Алматыда өткен конференцияны «Тұран» университетінің Аймақтық зерттеулер орталығы қабылдаған еді.
Орталық Азия мен Кавказ еврейлерінің тарихы мен мәдениетін зерттеушілердің осы төртінші кездесуін Орталық Азиядағы Америка университетінің президенті Тимоти Эдвард О’Коннор, Бен-Цви институтының директоры Зеев Левин және Еврей музейі мен толеранттылық орталығының Зерттеу орталығының директоры Светлана Амосова ашты. Конференция Мәскеу мен Орталық Азия және Кавказ өңірлері арасында өткізілетін «көшпелі» форум болып табылады: бірінші күні секциялық отырыстар Мәскеуде өтсе, келесі екі күн аймақ елдерінің бірінде ұйымдастырылады.
Бішкекте өткен конференцияның алты секциясында 22 баяндама тыңдалды. «Тұран» университетінің өкілдері «Қытай мен Шығыс Түркістандағы еврейлер» (тарих ғылымдарының докторы, профессор А.Қ. Камалов) және «Алматыдағы еврей қауымы: тарихи эволюциясы, әлеуметтік-құрылымдық трансформациясы және зияткерлік элитаның рөлі» (саяси ғылымдар докторы, профессор А.Т. Мухамбедьярова) тақырыптарында баяндамалар жасады. Профессор А.К. Камалов сондай-ақ «ХХ ғасырдағы Орталық Азиядағы еврейлер» секциясының модераторы болды. Аймақтық зерттеулер орталығы қызметкерлерінің аталған конференцияға қатысуы «Тұран» университетінің Мәскеудегі Еврей музейі және толеранттылық орталығымен, сондай-ақ Израильдегі Бен-Цви институтымен ынтымақтастығының тағы бір көрінісі болды.