Халықаралық қатынастар және дипломатия жоғары мектебінің студенттеріне Астана дипломатиялық мектебінің сертификаттары табысталды

2026 жылғы 28 мамырда Халықаралық қатынастар және дипломатия жоғары мектебінің студенттері Дипломатиялық мектептің марапаттау рәсіміне қатысып, оқу бағдарламасын сәтті аяқтағаны үшін дипломдармен марапатталды. Бұл күн студенттердің кәсіби және академиялық дамуындағы маңызды кезеңдердің бірі болды. Дипломатиялық мектеп аясында білім алушылар халықаралық қатынастар, дипломатия, көшбасшылық, келіссөз жүргізу мәдениеті және заманауи жаһандық үдерістер бойынша теориялық білімдерін жетілдіріп қана қоймай, практикалық дағдыларын да дамытуға мүмкіндік алды. Марапаттау рәсімі барысында студенттердің оқу кезеңіндегі жетістіктері атап өтіліп, олардың жауапкершілігі, белсенділігі және кәсіби өсуге деген қадамы жоғары бағаланды. Бағдарлама қатысушылары өздерінің білімдері мен тәжірибелерін кеңейтіп, болашақтағы кәсіби қызметтеріне қажетті маңызды құзыреттерді меңгерді.

Халықаралық қатынастар және дипломатия жоғары мектебі студенттерін диплом алуымен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да жаңа жетістіктерге жетіп, еліміздің және халықаралық қауымдастықтың дамуына өз үлестерін қосады деп сенеміз.

Барлық түлектерге кәсіби табыс, жаңа мүмкіндіктер мен жарқын болашақ тілейміз!

Online қабылдау