“TURAN CHESS CUP – 2026” атты мектеп оқушылары арасындағы екінші жыл сайынғы шахмат турнирі «Тұран» университетінде өз мәресіне жетті. Аталған жарысқа еліміздің ең мықты жас шахматшылары қатысып, жоғары дайындық деңгейін, стратегиялық ойлау қабілетін және спорттық рухты көрсетті.
Барлық турнирлердің нәтижелері бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
1 орын — Султанбек Бейбарс, спорт шеберлігіне кандидат, JOO High School Mega мектебінің түлегі. Турнир жеңімпазы 4 жылдық тегін оқу үшін ректор грантының иегері атанды.
2 орын — Болыс Толеген, Алматы қаласының НЗМ (11-сынып) оқушысы, спорт шеберлігіне кандидат. Ол 2 жылдық тегін оқу үшін ректор грантымен марапатталды.
3 орын — Нурболатов Даулет, Ғ. Мүсірепов атындағы №86 гимназиясының түлегі, спорт шеберлігіне кандидат. Ол 1 жылдық тегін оқу грантын иеленді.
4 орын — Деловаров Султан, №34 гимназиясының түлегі, спорт шеберлігіне кандидат. Оған оқу ақысының алғашқы жылына 50% жеңілдік беретін грант табысталды.
Қыздар арасында үздік нәтиже көрсеткен қатысушы ретінде «Білім-Инновация» лицейінің түлегі Қадір Мәдина арнайы марапатқа ие болды. Ол 2 жылдық тегін оқу үшін ректор грантын жеңіп алып, әйелдер шахматының жоғары деңгейін дәлелдеді.
“TURAN CHESS CUP – 2026” турнирі дарынды жастарды қолдауға бағытталған маңызды алаңға айналып, спорт пен білімді ұштастырды. Ұйымдастырушылар жарысқа деген қызығушылықтың жоғары болғанын атап өтіп, алдағы уақытта турнир одан әрі дамып, дарынды оқушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенім білдірді.