Инновация саласында білім және идея алмасу алаңы

2026 жылғы 2–3 сәуірде «Тұран» университетінің Ақпараттық технологиялар жоғары мектебі базасында «InnoTech Connect: Идеялар мен технологияларды байланыстырамыз» атты жас ғалымдардың III Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Конференция студенттер, магистранттар, докторанттар және жас ғалымдар арасында заманауи ақпараттық технологиялар, цифрлық трансформация, бизнеске арналған инновациялық ІТ-шешімдер және жасанды интеллект салаларында білім мен идея алмасуға арналған маңызды ғылыми пікір алмасу алаңына айналды. Іс-шара креативті ойлауды дамытуға және өзекті ғылыми әрі практикалық мәселелерді шешудің инновациялық тәсілдерін қалыптастыруға бағытталды.

Қатысушыларды «Тұран» университетінің стратегиялық даму, ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Дина Ибрагимқызы Разакова және Ақпараттық технологиялар жоғары мектебінің директоры Сәкен Төлегенұлы Мамбетов құттықтау сөзбен қарсы алды.

Пленарлық отырыс барысында жетекші ІТ-компаниялар, ғылыми ұйымдар және бизнес өкілдері баяндама жасады:

  • Karim Nauruzov (DataArt);
  • Анелия Мухамедкаримова (Apple Developer Academy, Naples, Italy);
  • Татьяна Квитко (TechBridge Distribution);
  • Жанар Бимурат (Д.А. Қонаев атындағы Тау-кен ісі институты);
  • Эдуард Лик (Halyk.Market);
  • Нұржан Сағынғалиев (Funnel CRM);
  • Әлішер Қажымұханов («Тұран» университеті).

Баяндамалар киберқауіпсіздік, бағдарламалық қамтамасыз ету әзірлеу, жасанды интеллектті енгізу және бизнес-процестерді цифрландыру сияқты өзекті тақырыптарды қамтыды.

Конференцияға Қазақстанның және шетелдік жоғары оқу орындарының білім алушылары мен жас зерттеушілері қатысып, үш негізгі бағыт бойынша ғылыми баяндамалар мен инновациялық жобаларын ұсынды: ақпараттық технологиялар және цифрлық трансформациялар, бизнес пен кәсіпкерлікке арналған ІТ-шешімдер, сондай-ақ жасанды интеллект және зияткерлік жүйелер.

Конференция аясында II «InnoProject Challenge» студенттік инновациялық шешімдер байқауы ұйымдастырылып, қатысушылар тәжірибеге бағытталған жобаларын таныстырды. Қорытындысы бойынша үздік жұмыстар I, II және III дәрежелі дипломдармен және арнайы марапаттармен атап өтілді.

Пленарлық отырыстың модераторы техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Екатерина Романовна Ким болды.

Конференция білім алушылардың ғылыми белсенділігінің жоғары деңгейін көрсетіп, ғылым, білім және индустрияны біріктіру мен халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам болды.

Конференция нәтижелерімен толық танысу үшін сілтеме бойынша өтіңіз.

Online қабылдау