Мамыр айындағы кітап көрмелері

Мамыр айы бойы кітапхана оқырмандар назарына атаулы күндерге, сондай-ақ өнер, медиа және әдебиет салаларына арналған арнайы кітап көрмелерін ұсынады.

«ÖNER» – дәуір айнасы

Көрме экспозициясы бейнелеу өнері мен кинематографияның даму тарихына арналған. Мұнда кескіндеме өнері бойынша құнды басылымдармен қатар, актерлік шеберлік, режиссура, операторлық өнер және кино мен телеарна өндірісіне арналған оқулықтар жинақталған.

Журналистика және БАҚ

Бұл бөлімде теле-, радио- және фотожурналистика саласындағы теориялық негіздер мен кәсіби тәжірибені ұштастыратын басылымдар топтастырылған.

Ерлік мұрасы – ұрпақ аманаты

Жеңіс күніне орай дайындалған бұл көрме Ұлы Отан соғысы туралы тарихи деректер мен басылымдардан тұрады. Көрме материалдары халықтың қаһармандық ерлігін дәріптеп, тарихи жадыны сақтаудың маңыздылығын көрсетеді.

Соғыс туралы көркем әдебиеттер

Мұнда соғыстың сұрапыл жылдарындағы адам тағдырын баяндайтын көркем шығармалар ұсынылған. Оқырмандар Эрих Мария Ремарк секілді әлемдік классиктердің туындыларымен таныса алады.

Online қабылдау