Халықаралық қатынастар білім беру бағдарламасының «Steppe Eye» командасы XVIII республикалық студенттік пәндік олимпиадада жүлделі орынға ие болды

2026 жыл 22 сәуірде Шымкент қаласында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде 6B03101 Халықаралық қатынастар білім беру бағдарламасы бойынша XVIII Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтіп, республикадан 11 жоғары оқу орын. Аталған байқауға Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

 

Тұран Университеті, «Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламасының атынан қатысқан «Steppe Eye» командасы жоғары нәтиже көрсетіп, 11 команда арасында III орынға ие болды.Команда құрамында Ахмет Самал, Жанель Байден және Қалыбеклов Әлихан өнер көрсетті. Студенттерімңз өздерінің теориялық дайындығы мен талдау қабілеттерін жоғары деңгейде көрсете білді.

 

Сонымен қатар, «Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Ахмет Самал олимпиада аясында «Үздік спикер» атағына ие болды. Студенттерімізді жоғары жетістіктерімен құттықтай отырып, алдағы ғылыми және академиялық қызметтеріне табыс тілейміз!

Online қабылдау