«Тұран» университетінің Құқық жоғары мектебі Ресей Федерациясындағы Мемлекеттік гуманитарлық-технологиялық университетпен бірлесіп, Жас зерттеушілердің халықаралық қауымдастығы аясында оқытушылар мен білім алушыларға арналған «Нюрнберг әскери трибуналы: болашақ ұрпаққа сабақ» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді. Конференция барысында тарихи-құқықтық талдау жасалған негізгі бағыттар: халықаралық қылмыстық әділеттің қалыптасуы; халықаралық гуманитарлық құқықтың дамуы; қазіргі тарихи-құқықтық дискурстағы Нюрнберг процесінің қорытындылары болды.