ӨЗІНЕ СЕНГЕНДЕРГЕ ЖӘНЕ ТАБЫСҚА АРНАЛҒАНДАРҒА

TURAN MODEL UNITED NATIONS 2022 Халықаралық конференциясы

2022 жылдың 22-23 сәуірінде Тұран университетінің 30 жылдығын және Қазақстанның БҰҰ-ға мүше болуының 30 жылдығын мерекелеу аясында Тұран университетінде жыл сайынғы TURAN MODEL UNITED NATIONS 2022 халықаралық конференциясы өтті. Шараның басты ұйымдастырушысы «Тұран» университетінің «Аймақтану және халықаралық қатынастар» кафедрасы болды.

 

Конференцияның ашылу салтанатында «Тұран» университетінің ректоры, э.ғ.д., профессор Алшанов Р.А. қатысушы қонақтарды құттықтап сөз сөйледі. Сонымен қатар Конференцияның құрметті қонақтары: Микаэла Фриберг-Стори, БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі; Властимил Самек, БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі; Чад Киннеар, АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулдығының байланыс жөніндегі көмекшісі; Чжун Хуа, Алматы қаласындағы ҚХР Бас консулының орынбасары; Ван Цинпин, Алматы қаласындағы ҚХР консулы; Сермин Текин, Түркия Республикасының Алматыдағы вице-консулы; Баходур Назир, Алматы қаласындағы Тәжікстан Республикасының консул өкілі; Аренова А.А., Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі өкілдігінің саяси ынтымақтастық басқармасының басшысы; Рахымжанова Ж.Б., «Британдық Кеңес (Қазақстан)» ЖШС басшысы; Жұмабаев А., БҰҰДБ жоба жетекшісі; Алпысбаева М., ЮНЕСКО-ның Алматыдағы кластерлік бюросы; Арғымбаев Е.Қ., «Қазақстан Қызыл жарты ай Қоғамы» ҚБ президенті, Әлияров Е.Қ., Қазақстан гуманитарлық-саяси конъюнктура орталығының президенті, саяси ғылымдарының докторы, профессор Әбен А.С., Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының өкілі құттықтау сөзін сөйледі.

 

Ашылу салтанатында университет ректоры профессор Алшанов Р.А. БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Сториге Тұран университетінің құрметті профессор атағын салтанатты түрде табыс етті. Мәртебелі Микаэла Фриберг-Стори: «Қазақстан БҰҰ толыққанды бейбіт мүшесі ретінде, атап айтқанда әлемде Ядролық қарудан бас тарту туралы және де басқада диипломатиялық саяси шешімдер қабылдай отыра маңызды рөл атқаруда» екендігін атап өтті.

 

Екі күнге созылған БҰҰ моделі шеңберінде үш комитеттің жұмысы жүргізілді: Бас Ассамблея, Қауіпсіздік Кеңесі, Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы (ЮНЕП).

 

«БҰҰ моделі» Біріккен Ұлттар Ұйымы жұмысының имитациясы болып табылады, оның барысында студенттер делегаттардың рөлінде БҰҰ-ның әртүрлі комитеттерінің қызметін қайталайды, және де дипломатиялық, көшбасшылық, шешендік, тілдік дағдыларды меңгереді. БҰҰ моделі өз болашағының маңыздылығын түсінуге және өзін әлемдік қауымдастықтың бір бөлігі ретінде сезінуге көмектеседі және оның қажетті маңызды бөлігі.

 

Шараға 200-ден астам делегат қатысты: Тұран университетінің студенттері, Әл-Фараби ат. ҚазҰУ, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Абылай хан ат. Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті., С.Демирел университеті, AlmaU, UIB, Narxoz, Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы және Алматы қаласы мен Жамбыл облысындағы 18 мектептің жоғары сынып оқушылары.

 

БҰҰ-ның Алматыдағы өкілдігі және Тұран университеті атынан БҰҰ моделі конференциясының барлық қатысушылары Құрмет грамотасымен марапатталды. Сонымен қатар, делегаттардың үздік баяндамалары мен номинациялар бойынша жеңімпаздар қосымша бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Соңғы жазбалар
Қабылдау комиссиясы
Выбор языка: