Медиа саласындағы жаңа серіктестік: «Тұран» университеті мен «Қазақстан» РТРК АҚ филиалы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

2026 жылғы 2 сәуірде «Тұран» университетінде маңызды оқиға өтті. Университет ректоры Алшанов Рахман Алшанұлы мен «Қазақстан» РТРК АҚ-ның Алматы қаласындағы филиалының директоры Жиренчина Сауле Жаныбековнаның қатысуымен екіжақты ынтымақтастық туралы меморандумға және студенттердің кәсіптік практикасын ұйымдастыру жөніндегі келісімшартқа қол қойылды.

Аталған келісім университет студенттері үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Атап айтқанда, 6В03201 «Журналистика», 6В03202 «Қоғаммен байланыс», 6В06201 «Радиотехника, электроника және телекоммуникация», 6В02102 «Операторлық өнер» білім беру бағдарламаларының білім алушылары енді «Қазақстан» РТРК АҚ-ның Алматы қаласындағы филиалында кәсіби тәжірибеден өтіп, медиа саласының нақты жұмыс үдерісімен таныса алады.

Іс-шара барысында серіктестіктің маңыздылығы туралы «Қазақстан» РТРК АҚ филиалының бас продюсері Асылбекова Жанылхан және Медиа және мәдениетаралық коммуникация жоғары мектебінің директоры Бузело Анна Сергеевна өз пікірлерін білдіріп, бұл бастаманың студенттердің кәсіби дамуына зор ықпал ететінін атап өтті.

Бұл әріптестік – теория мен тәжірибені ұштастырып, болашақ мамандарды даярлаудағы маңызды қадам. Университет пен өндіріс арасындағы байланыс нығайып, білім алушылар үшін жаңа кәсіби мүмкіндіктерге жол ашылуда.

Online қабылдау