18 мамыр күні А1 тобында «Орыс тілі арқылы әлемді танимыз» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Түркия мен Оңтүстік Африка Республикасынан келген шетелдік тыңдаушылар өз елдерінің және Қазақстанның мәдениетіне арналған мазмұнды әрі қызықты презентациялар дайындады. Қатысушылар ұлттық дәстүрлер, мәдени ерекшеліктер мен қызықты деректер туралы баяндады. Барлық таныстырылымдар мен талқылаулар орыс тілінде өтті, бұл тыңдаушылардың коммуникативтік дағдыларын дамытуға жақсы мүмкіндік болды.
Сабақ барысында қатысушылар тақырыптық квиз бен квестке қатысып, өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті. Іс-шара соңында тыңдаушыларға естелік сыйлықтар табысталды.
Сабақтың барлық кезеңдері толықтай орыс тілінде жүргізілді, бұл ауызекі сөйлеу дағдыларын жетілдіруге тамаша тәжірибе болды. Тыңдаушылардың орыс тілінде сенімді, еркін әрі сауатты сөйлей бастағаны ерекше қуантты.
Оқытушы Бекен Айсұлу Әбілбеккызымен бірлесіп, тыңдаушылар «Тұран» университетіндегі оқу үдерісі мен студенттік өмір туралы бейнеролик дайындады.
Оқу жылы барысында тыңдаушылар орыс тілін меңгеруге жоғары қызығушылық танытып, табандылық пен жүйелі еңбектің нәтижесінде жақсы жетістіктерге қол жеткізді.
Ашық сабақ соңында қатысушыларға орыс тілін меңгерудің А2 деңгейін растайтын сертификаттар табысталды.