«Тұран» университеті мен Алматы Менеджмент Университеті арасындағы ынтымақтастық туралы 16.03.2023 ж. № Д/244/23 шартқа сәйкес AlMaU-нің «Маркетинг» ББ магистранттары 2026 ж. 30 наурыз бен 12 сәуір аралығында «Тұран» университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті.
Тағылымдама бағдарламасы әртүрлі ғылыми іс шараларды қамтыды:
– 2026 жылғы 31 наурызда Apple digital Lab зертханаларымен және жасанды интеллект және робототехника технологияларын әзірлеу жөніндегі бірлескен R&D-зертханасымен танысу, Apple планшеттеріндегі қосымшалармен жұмыс; Қазақстандық Маркетинг Қауымдастығының атқарушы директоры Мухамедкаримова А.М.;
– 01 сәуір 2026 ж. «Ғылыми зерттеулерге арналған ақпаратты іздеу құралдары» ғылыми семинары; «Маркетинг және логистика» жоғары мектебінің сениор-лекторы Каирова А. А.;
– 02 сәуір 2026 ж. «Ғылыми зерттеулер үшін жасанды интеллект технологияларын қолдану» ғылыми семинары; «Экономика және менеджмент» жоғары мектебінің профессоры Таменова С. С.;
– 2026 жылғы 03 сәуір «Маркетинг пен жарнамада жасанды интеллектті қолдану» дөңгелек үстелі (спикерлер – практика мамандары); «Маркетинг және логистика» жоғары мектебінің директоры Давлетова М.Т.;
– 2026 жылғы 06-07 сәуір «Ұлы дала логистикасы – 2026» ХҒПК материалдар жинағында жариялау үшін ғылыми мақала дайындау және жазу; магистранттар;
– 2026 жылғы 08 сәуір «Ұлы дала логистикасы – 2026» конференциясына баяндама мен презентация дайындау; магистранттар;
– 2026 жылғы 09-10 сәуір аралығында шетелдік ғалымдарды шақыра отырып, «Ұлы дала логистикасы-2026» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысу; Давлетова М.Т.
– 2026 жылғы 10 сәуірде ғылыми тағылымдаманың қорытындысын шығару және сертификаттарды тапсыру; Давлетова М.Т.
AlMaU 16 магистранты барлық іс-шараларға қатысып, барлық тапсырмаларды орындап, тағылымдамадан сәтті өтті. Олар өткізілген барлық іс-шараларға оң пікірлер мен жақсы баға берді.