Магистратура

Магистратура – кадрларды даярлаудың қазіргі заманғы үш сатылы оқыту жүйесінің «бакалавриат – магистратура – PhD докторантура» екінші кезеңі. Магистратурада оқу қазақстандық және халықаралық компанияларда табысты ғылыми-зерттеу, педагогикалық, тәжірибелік-конструкторлық және инновациялық қызметті жүзеге асыруға қабілетті мамандарды даярлауға бағытталған.

 

Кәсіби жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарлама сізге нағыз кәсіпқой маман болуға, заманауи міндеттерді шешуге, алған білімдері мен дағдыларын заманауи бәсекелестік ортада, басқару және ғылыми-зерттеу қызметінде басшылыққа алуға мүмкіндік береді.

Білім беру бағдарламалары:

Ғылыми және педагогикалық (білім берудің алдыңғы деңгейі – бакалавриат немесе жұмыс тәжірибесіз жоғары арнайы білім), оқу мерзімі – 2 жыл.

Бейіндік (білім берудің алдыңғы деңгейі – бакалавриат немесе жоғары арнайы білім), оқу мерзімі – 1 жыл, 1,5 жыл.

 

Оқу түрі: күндізгі.

Оқыту тілдері: қазақ, орыс.

 

Академиялық дәрежесі:

  • Ғылыми-педагогикалық магистратура: MSc ғылым магистрі (тиісті мамандық бойынша).
  • Бейіндік магистратура: магистр (тиісті мамандық бойынша).

 

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша түсу (білім гранты)

Білім беру гранты бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде магистратураға конкурстық негізде кешенді тестілеу бойынша ең жоғары балл жинаған тұлғалар қабылданады:

Ғылыми-педагогикалық магистратура үшін-кемінде 75 балл

 

Білім беру гранты бойынша ағылшын тілінде магистратураға оқуға конкурстық негізде кешенді тестілеу бойынша кемінде 50 балл жинаған тұлғалар қабылданады.

Енгізілген өзгерістерге сәйкес магистратура мен докторантураға қабылдау енді жылына екі рет: дәстүрлі түрде – жазда және қосымша қыста өтетін болады.

 

Құжаттарды қыста қабылдау:

 

Магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы жүзеге асырылады  – app.testcenter.kz.

 

Кешенді тестілеу: 19 қарашасынан 11 желтоқсанына дейін.

 

Ғылыми-педагогикалық магистратураға шекті балл – 75, бейіндік магистратураға шекті балл – 50.

 

Кешенді тестілеуді сәтті тапсырған жағдайда үміткерлер жазғы қабылдау қорытындылары бойынша тағайындалмай қалған гранттарды ұтып ала алады. Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар 25 желтоқсанына дейін қабылданады.

 

Магистратураға қабылдау: 26 желтоқсанынан 10 қаңтарына дейін.

Магистратураға түсу кезінде магистратураның білім беру бағдарламасының бейіні жоғары білім берудің білім беру бағдарламасына сәйкес келмеген жағдайда, магистрантқа оны игерудің алғышарттары белгіленеді.  Үміткерлерге оларды өз бетімен игеруге және түсу емтихандарын тапсырғаннан кейін ақылы негізде емтихан тапсыруға рұқсат етіледі. Магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша пререквизит бағдарламалары тиісті кафедралармен жасалынад

 

Пререквизиттер тізімі

ҚР БҒМ “Ұлттық тестілеу орталығы” РМҚК

010011 Астана қ., Победа даңғ, 60

СТН 600300086081, БСН 000140001853

ЖСК KZ536010111000001515

БИК HSBKKZKX, КБЕ 16

«Қазақстан Халық банкі» АҚ

8292 теңге.

Online қабылдау